Тоқаев «Самұрық-Қазынадағы» мемлекеттік сатып алулар туралы: Сол баяғы компаниялар ұтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» қорын түбегейлі реформалау қажет екенін тағы да айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Парламент алдында сөйлеген сөзінде қорды байыпты түрде қайта құру қажет екеніне баса назар аударғанын еске салды.

«Мен мына жайттарға ерекше назар аударамын: біріншіден, әрине, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы. Мен бұл туралы үшінші жыл қатарынан айтып келемін. Әзірге мемлекеттік сатып алулардың ашықтығында айтарлықтай нәтижеге қол жеткен жоқ. Сонымен қатар, бұл тендер өткізудегі ашықтық мәселесі», — деді ол.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қоры құрылыс және қайта жаңғыртуға байланысты ауқымды жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.

«Әдеттегідей, сол баяғы компаниялар ұтады, кейін олар жұмыс көлемін қосалқы мердігерлерге береді, олар ары қарай тағы да қосалқы мердігерлерді тартады. Бұл жұмыс сапасына және баға параметрлеріне кері әсер етеді. Әрине, бұл сіздің салаңыздағы монополияға қарсы күрес», — деді басқарма басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, бұл мәселелерге алдын ала назар аудару керек.

«Жоспар анық, түсінікті. Біз «Самұрық-Қазына» қорын қалай реформалау керек екенін тағы бір рет егжей-тегжейлі анықтауымыз керек», — деп қосты Мемлекет басшысы.

Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027...

Мектеп формасына қатысты маңызды мәлімдеме жарияланды

Мектеп формасын белгілі бір дүкеннен сатып алуға ешкім мәжбүрлей...

TikTok пен Instagram-да бейәдеп сөз айтқан тұрғын 5 тәулікке қамалды 

Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, интернет кеңістігінде...

Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    «Қазгидромет» РМК 30 шілде мен алдағы күндерге еліміздің 16...

“Алматы жастары“ бағдарламасының қорытындысы шықты

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша өтініштерді қарау аяқталды, - деп...