Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Президентке еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалы жөнінде және Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету үшін Ұлттық банкпен бірлесіп қабылдаған шаралар туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына халықаралық аренадағы соңғы оқиғаларға байланысты экономиканы дамытудың дағдарысқа қарсы жоспарының негізгі қырлары таныстырылды.

Президентке қаңтар оқиғасы салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің шығынын өтеуге және қираған мемлекеттік нысандарды қайта қалпына келтіруге қатысты жұмыстар жайында мәлімет берілді.

Әлихан Смайылов кәсіпорындарға апаратын теміржолдарға ие табиғи монополиялар нысандарына белгіленген тарифті төмендету,  өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау жүйесін және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру мәселелері туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар премьер-министр Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылуы және 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға дайындық жұмыстары жөнінде есеп берді.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.