Тоқаев елдегі бүкіл майнинг компанияларын анықтауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда майнингке салынатын салықты арттыруды және тексеруді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Криптовалюта өндірісінің әлеуметтік-экономикалық әсері аз. Жаппай жұмыс орындары құрылмайды, нақты өнім жоқ. Сонымен қатар, бұл сала электр энергиясын бірнеше облыс сияқты пайдаланады. Кейбір жосықсыз криптовалюта өндірушілер халыққа берілетін тарифтерден төмен тарифтерді пайдаланады. Импорттық жабдыққа салықтар мен баж салығы төленбейді. Ең бастысы, бұрынғы ресурстарды сарқып, ақша тауып жатыр», — деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы Қаржы мониторингі агенттігіне жағдайды жан-жақты қарауды тапсырды.

«Барлық криптовалюта өндірушісін анықтап, салық және кеден мәселелерін тексеріп, техникалық келісімшарттарды, сондай-ақ қызметтің басқа да аспектілерін мұқият зерделеу қажет. 19 наурызға дейін есеп беруді тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Тоқаев мемлекет заңды майнингке қарсы емес екенін баса айтты.

«Бірақ бұл салада жұмыс істегісі келетіндердің тиісті лицензиясы болуы, сәйкес тариф бойынша электр қуатын алуы, кірістерін декларациялауы және салық төлеуі, жасыл энергетика жобаларын іске қосуы керек», — деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол криптовалюта өндіру салығы өсетінін мәлімдеді.

«Қазіргі мөлшерлеме – электр қуатының бір киловатына 1 теңге — мардымсыз. Үкіметке бұл салықты тез арада еселеп көтеруді пысықтауды тапсырамын. Үкіметке цифрлық майнинг жұмысын реттеу және дамыту бойынша толыққанды шешімдер пакетін әзірлеу керек. Нәтижесін 1 сәуірге дейін күтемін», — деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнингке салық енгізілген болатын.

БАҚ мәліметінше, Қазақстан криптовалюта өндіруден әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.