12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты марапаттады

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық мереке — Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

  • Павлодар облысындағы «Галицкое» ЖШС директоры А.Касицин «Отан» орденімен марапатталды.
  • «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы К.Исаев, Қазақстан журналистикасының ардагері С.Харченко І дәрежелі «Барыс» орденімен;
  • «Ақтоғай» су электр стансасының директоры Т.Баймолдаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі О.Сәбден, еңбек ардагері Е.Тәжиев, «Алматы әуендері» концерттік оркестрінің бас дирижері М.Серкебаев және басқалар ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен;
  • К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары А.Алматов пен Н.Измаилов, «Ақсайгазсервис» АҚ холдингі компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Т.Шектебаев, ақын Ә.Беркенова және басқалар ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.
  • Еліміздің рухани кемелденуіне және зияткерлік әлеуетінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін белгілі ғалымдарға, мәдениет қайраткерлеріне және өндіріс саласының өкілдеріне «Парасат» ордені берілді. Олардың қатарында «Ильинское» ЖШС директоры А.Бурлев, ақын Ғ.Жайлыбай, «Мұнай-газ кешені ардагерлері» РҚБ кеңесінің мүшесі Т.Хасанов, Қазақстан журналистикасының ардагері Е.Брусиловская, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі М.Башабаев және басқалары бар.
  • Бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Social theater-Camogli (Италия) театрының көркемдік жетекшісі Аквавива Джузеппе ІІ дәрежелі «Достық» орденіне лайық деп танылды.
  • «Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында Астанадағы №3 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері М.Абдуов, «Құмқұдық» ЖШС бас инженері Б.Айтжан, QazaqGaz Aimaq Алматы өндірістік филиалының слесарі Г.Жасыбаева, Ұлттық ядролық орталықтың лаборанты Ю.Карягин, Орталық мемлекеттік архивтің директоры С.Шілдебай, актриса Г.Дусматова, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры А.Чеботарев және басқалары бар.
  • Ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін «Ел бірлігі» орденімен «Ахыска» түрік этномәдени орталығының Шымкент қаласы филиалының төрағасы Л.Асанов, Павлодар облысы бойынша орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы В.Берковский, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі қамқоршылар кеңесінің төрағасы Е.Больгерт, «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Р.Валиев, «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы төрағасының орынбасары А.Исматуллаев марапатталды.
  • Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік салалардың еңбеккерлері III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің кавалері атанды.
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері З.Алтынбаеваға, Ә.Алтынбекке, Н.Жмеренецкаяға, Б.Қажыбаевқа, белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері И.Сауэрге және тағы да басқаларға берілді.
  • «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ақын М.Айтқожа, жазушы Ғ.Қабышұлы, «Қазақстанның халық әртісі» атағына музыка, театр және кино өнерінің көрнекті қайраткерлері Б.Әбділманов, М. Өтекешова, А.Жайымов, Т.Жанқұл, Ш.Жанысбекова, Б.Ибраев, К.Қазақбаева, Р.Машурова лайық деп танылды.
  • Денсаулық сақтау және ғылым саласының бірқатар өкілі «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атақтарына ие болды.
  • Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздікті нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, I, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Зейнетақы төлемдері 5 пайызға артты

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдерін 5 пайызға көбейтті.

Ключ к порядку

ДЕПУТАТЫ МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА ПОДНЯЛИ РЯД ПРИНЦИПИАЛЬНЫХ ВОПРОСОВ, ЗАТРАГИВАЮЩИХ ОСНОВЫ ОБЩЕСТВЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ, ПРОФИЛАКТИКУ ПРЕСТУПНОСТИ И ЗАЩИТУ КОНСТИТУЦИОННЫХ ПРАВ ГРАЖДАН.

«Imam AI» жасанды интеллект негізінде істейтін мобильді қосымшасы іске қосылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін "Imam AI" мобильді қосымшасын әзірлеп іске қосады.

Science News: Соңғы үш жыл – тарихтағы ең ыстық кезең

Соңғы үш жыл – 2023, 2024 және 2025 жылдар – аспаптық бақылаулар басталғалы бері ең ыстық кезең ретінде тіркелді.

Қазақстандық дипломдар енді шетелде жарамды

Қазақстан дипломдарды халықаралық деңгейде тану аясын кеңейтеді.