12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тоқаев күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ жоғары мемлекеттік наградалар табыс етті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін мына азаматтар марапатталды:

I дәрежелі «Барыс» ордені

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы; 

I дәрежелі «Даңқ» ордені

Қожаев Марат Шәдетханұлы – Парламент Сенатының депутаты;

II дәрежелі «Даңқ» ордені

Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары

Балтабеков Аңсаған Ескендірұлы – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы

Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары

Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы – Бас Прокурордың орынбасары; 

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» ордені

Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

Құсайынов Олжас Сағындықұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы

Цой Олег Владимирович – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы;

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» ордені

Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Ақылов Еркін Бекетұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы

Әмірхан Талғат Әмірханұлы – Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы

Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары

Молдабаев Қайрат Бекзатұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі басқарма бастығының орынбасары

Мұстафин Айбек Мамытбекұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі

Финансов Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы

Шабер Виталий Николаевич –  Бас прокуратураның департамент бастығы;

«Құрмет» ордені

Камалов Алпамыс Әмірғалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры

Кәріпова Айнагүл Төкенқызы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) қызмет басшысының орынбасары;

«Ерлігі үшін» медалімен

Есқалиев Ержан Кеңесұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 1  мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Жұманбек Зарина Қайратқызы – Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының аға ғылыми қызметкері 

Қазыханов Дамир Дүйсенбайұлы – Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің взвод командирі

Тащанов Әсет Қамажанұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

 «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі

Алхамов Абылайхан Ерталапұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі

Бақыт Шыңғыс Жақсылықұлы – Қорғаныс министрлігі 25744 әскери бөлімінің танк командирі

Кангозина Ольга Сергеевна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел уәкілі

Мейірбаев Руслан Серікұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің фельдшері

Омарғалиев Дәурен Батырғалиұлы – Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары

Тоқанов Бекзат Шәмшіденұлы – Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің күзеті қызметінің бөлім бастығы

Төлеңгітов Мирлан Айтқазыұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығының орынбасары;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы 

Байқадамова Алуа Бақытжанқызы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығы орынбасарының – «Әскери даңқ» музейі бастығының лауазымын уақытша атқарушы.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.

Қазақстанда кімдер ең көп табыс табатыны белгілі болды

Қазақстанда қараша айында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар анықталды. Бас құрылысшылар, өндірістік учаске басшылары және авиациялық диспетчерлер ең жоғары табыс табатын мамандар қатарында.

Президент Ашхабад қаласына барды

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Ел аумағына сырттан тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды

Жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.

2026 жылғы мерекелер: қазақстандықтар қанша күн демалады?

2026 жылы қазақстандықтар қалай демалатын болды? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік және ауыстырылған демалыс күндері көрсетілген өндірістік күнтізбені жариялады.