Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды.

Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын. Құрылтай депутаттары кандидатураны қолдап дауыс берді.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.

Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Қазақстан әйелдері үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт жұмсайды 

Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда 3,2 есе көп уақыт бөледі. Сонымен қатар ақылы және ақы төленбейтін еңбекті қоса есептегенде, әйелдердің жалпы жұмыс күні ерлерге қарағанда әлдеқайда ұзақ.

Безопасное будущее начинается сегодня

БЕЗОПАСНОСТЬ РЕБЕНКА НАЧИНАЕТСЯ ЗАДОЛГО ДО ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ – С ДОСТУПНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ, ПОДГОТОВЛЕННОГО ПЕДАГОГА, ЗАЩИЩЕННОЙ ШКОЛЬНОЙ СРЕДЫ И СВОЕВРЕМЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ. ЭТИ ЗАДАЧИ ОБЪЕДИНИЛА КОНЦЕПЦИЯ «ДЕТИ КАЗАХСТАНА», РЕАЛИЗАЦИЮ КОТОРОЙ, ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И ПРОБЛЕМЫ МЕЖВЕДОМСТВЕННОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ ОБСУДИЛИ ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ В ХОДЕ ПРАВИТЕЛЬСТВЕННОГО ЧАСА.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін кім басқаратын болды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.