12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасын құттықтады

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады.

«Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыз тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын», – деп жазылған жеделхатта.

Президент ҚХР төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Еңбек министрі қызметіне кірісіп, ант берді  

Жаңа тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Конституцияны қатаң сақтауға және Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Даудан кейін Burger King басшыларының бірі жұмыстан кетті 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жағдайдың ведомство бақылауында екенін мәлім етті.

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.

Тұрғын үй иелері құжаттарын қайта рәсімдеуі керек пе? Министрлік жауабы

Әділет министрлігі "Қазақстанда техникалық паспорты жаңартылмаған үйді сатып-сатып алу мүмкін болмайды" деген қауесетке пікір білдірді.

Биыл елімізде 90 жаңа білім ошағы ашылады 

Оқу-ағарту министрлігі апатты, үшауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биыл 47 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.