spot_img
spot_img

Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Мемлекет басшысының құттықтауын Ақорданың баспасөз қызметі өкілдері жариялады. 

«Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады.

Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді.

Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді.

Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Әр үй құт-берекеге толсын!» — деді ол. 

Тұман, боран, көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, көптеген аймақтарда тұман, қар, көктайғақ пен боран...

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мерзімді әскери қызметшісі...

ҚҚС төлеушілер нені білуі керек: Негізгі талаптар мен мерзімдер

ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы...

Аймағамбетов 2026 жылы азаматтардың өмірін жеңілдететін өзгерістер болатынын айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2026 жылға арналған жоспарлары туралы...

Жеңілдетілген режим жойылды: 1 қаңтардан бастап бизнесті қалай жабуға болады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық төлеу тәртібі...