Тоқаев Назарбаевтың Путинмен кездесуіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты жарияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сұхбат барысында Президент көп талқыланған сауалдарға да жауап қатқан. «Жаңа жыл қарсаңында Кремльде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысымен тағы да кездесті. Кремльге қарасты ақпарат құралдары бұл жайында кеңінен мәлімет таратты. Кездесу туралы көптеген пікір айтылып, өсек-аяң өрбіді. Тіпті Қазақстанда 2029 жылы болатын билік транзиті туралы сөз қозғалыпты, Назарбаев Владимир Путиннің тікелей қолдауымен сол істе ең басты рөл атқарғысы келеді екен деген алып-қашпа әңгіме шықты. Сіз былтырғы сұхбатыңызда тұңғыш президент партияның ірі қайраткері ретінде көп уақытын өткізген Мәскеуді сағынатын болар, сондықтан ол жаққа жиі барады деп түсіндірген едіңіз. Дегенмен көптеген азамат сіздің осындай «саммиттерге» шынайы көзқарасыңызды білгісі келеді» деген сұраққа Мемлекет басшысы былай жауап берді.

«Тұрақты түрде өткізіліп жүрген кездесулер бейресми сипатқа ие. Мұны Ресей президентінің өзі де атап өтеді. Таяуда өткен Санкт-Петербургтегі басқосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді. Ресей президентінің ерекшелігі: ол достарымен және әріптестерімен жылы қарым-қатынас құра біледі. Жұмысы өте қарбалас болса да, сенбі күні Қазақстанның тұңғыш президентімен асықпай әңгімелесуге уақытын бөлді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразиядағы ықпалдастық үдерісінің бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде бағалайды. Ресей бұл үдерісте жетекші рөл атқарып отыр. Кремльдегі кездесу Владимир Путиннің адамгершілігі жоғары екенін көрсетеді.

Ондай әңгімелер барысында не айтылғаны маған қызық емес, бұл туралы ешқашан сұрақ қоймаймын.     

Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына келер болсақ, мен оны қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға деп санайтынымды бірнеше рет айттым. Оның мемлекеттік институттарды және экономиканың нарықтық тетіктерін құру, жаңа астанамызды салу жолындағы еңбегін бәрі біледі. Өзіңізге мәлім, біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп орнаған ел еткіміз келеді. Сондықтан ешкімді алаламай, әр азаматтың еңбегін әділ бағалау керек. Бұл еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты», — деді Президент. 

Ал билік транзиті туралы сұраққа Қасым-Жомарт Тоқаев былай жауап берген: «Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар».

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды 

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды.

Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі деп танылды 

Қазақстан Республикасы терроризм деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарына енді. Бұл туралы 2026 жылға арналған Терроризмнің жаһандық индексі (GTI) деректері көрсетіп отыр.

Президент тапсырмасымен ІІМ Алматыдағы жол апаты ісі бойынша жұмысты күшейтті 

Ішкі істер министрі Мемлекет басшысының 2026 жылғы 30 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ведомство Алматыдағы резонансты жол-көлік оқиғасының мән-жайын жан-жақты әрі объективті тергеу үшін кешенді шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бұл көрсеткіш республика бойынша орташа деңгейге (2,9%) жақын. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы салыстырмалы түрде төмен қарқынмен өсіп жатыр.

Самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Күннің жылынуына байланысты электр самокаттарын пайдалану белсенділігі артты. Осыған орай патрульдеуге мобильді самокаттық экипаж шығарылды. Олардың құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері кірді.