12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТІЛСІЗ ЖАУ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ

Төтенше жағдай қызметінің жазғы маусымдағы негізгі жұмыс бағыты суға түскен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету десек, қателеспейміз. Өкінішке қарай, жыл сайын суға шомылу маусымы кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан суға кеткен адамдардың қатары азаймай тұр. Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау құтқарушылар үшін аса маңызды міндет болғандықтан, өңірдің су қоймаларында қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында кешенді шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. Жақында Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды кеңірек баян еткен брифинг ұйымдастырған еді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аймақтың су қоймаларында жыл сайын 30-дан астам адам қаза болады. Қайтыс болған жандардың туған-туыстары мен жақын-жуықтарының қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғалардың басым бөлігі суға түсу маусымы кезінде болатыны анықталған. Статистикалық деректер жан түршіктіреді. Суға түсу маусымы басталғалы бері ғана республика бойынша 27 адам суға кеткен. Олардың ішінде 17-сі – кәмелет жасына толмаған балалар. Мәселен, тек осы жылдың 16 маусымы күні суға түсу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан жеті адам жантәсілім еткен. Өкініштісі сол, олардың алтауы – әлі де болса оң-солын танып үлгермеген балалар. Ақмола облысында да суға шомылу маусымы кезінде оқыста қаза болған қайғылы оқиғалар тым жиілеп кеткен. Тек соңғы үш жылдың ішінде ғана суға шомылу маусымы кезінде облыс аумағындағы түрлі су қоймаларында 51 адам қайғылы қазаға ұшырағаны белгілі болды. Олардың 19-ы – балалар. Биылғы суға түсу маусымы кезінде де екі адам суға батқан. Құтқарушылардың мәліметінше, адамдардың су қоймасында қаза болуына басты себеп – суға алкогольді ішімдік ішкен күйде түсуі. Ересек адамдардың кәмелет жасына толмаған балаларын суға түсу кезінде қараусыз қалдыруы да қайғылы оқиғалардың артуына себепкер болған. Сондай-ақ жүзе білмесе де, суға түскен әрі өз күшін бағаламаудың салдарынан ажал құшқан адамдардың қатары өскен. Облыстың төтенше жағдайлар департаментіне қарасты бөлім бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Ж.Асылбековтің айтуынша, осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында өңірдегі құтқарушылар тұрақты түрде жүйелі әрі жедел қызмет етеді. – Бүгінгі таңда облыс аумағында суға түсетін арнайы 82 шомылу орны жасақталған. Олардың 68-і жекеменшік болса, 14-і коммуналдық жағажай болып табылады. Сонымен қатар, өңірде 25 тұрақты бассейн қызмет етеді. Облыс құтқарушылары жыл басынан бері 621 баланы суға жүзу тәсілдеріне үйретіп шықты. Мұнымен қоса өңірдің Қопа, Бурабай, Зеренді сияқты аса ірі су қоймаларындағы кәсіби құтқарушылар бөлімі базасында балалар жағажайлары ұйымдастырылған, – деп атап өтті Ж.Асылбеков. Спикердің айтуынша, облыстың төтенше жағдайлар департаменті өңірдің жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, су қоймаларында демалатын ресми орындарды ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар жоспарын жүзеге асыруда. Мұнымен қоса, аталған салаға бизнес өкілдерін тартуға да барынша назар аударылған. Ведомствоның мәліметінше, облыстың төтенше жағдайлар қызметі полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, биылғы суға түсу маусымы басталғалы бері 5 мыңнан астам рейд ұйымдастырған. Нәтижесінде су қоймалары мен жағажайларда алкогольді ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін 116 адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412 және 102-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Спикердің айтуынша, суға шомылу маусымы кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында да түсіндіру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі. – Жыл басынан бері ғана суға шомылу кезіндегі қайғылы оқиғалардың барынша алдын алу үшін радио толқындарында 3478 облыстық және республикалық телеарналарда сұхбаттар мен сюжеттер жасалып, 21 мыңнан астам үгіт-насихат материалдары таратылды. Әлеуметтік желілерде 169 бейнеролик орналастырылып, БАҚта 156 мақала мен ақпарат жарияланды. Суға түсуге болмайтын жерлерде «Суға түсуге тыйым салынған» деген 486 арнайы белгі орнатылды. Мұнымен қоса, облыстың жалпы және арнайы білім беру мекемелерінде 500-ден астам ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, мыңнан астам интерактивті сабақ өткізілді, – дейді Ж.Асылбеков. Суға түсу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін департамент жұмысына волонтерлік қозғалыстар да барынша қолдау көрсеткен. Өңірде аталған мақсатта «Эко парк», «Жас Отан», «Қызыл ай», «Азаматтық қорғаныс колледжі», «Феникс» жастар қанаты мен «Жаңа толқын» сияқты үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен 1,5 мыңнан астам волонтер суға түсу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған. – Өңірдің айналасындағы барлық су қоймаларында азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай және қауіпсіз инфрақұрылымды туғызу жұмыстары тұрақты бақылауға алынған және жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сөзімді қорытындылай келе, азаматтар суға түсу кезінде қарапайым қағидаларды еш уақытта естен шығармаса екен деймін. Яғни демалыста суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау әрі ересектердің рұқсатынсыз суға түспеуін қадағалау қажет. Суға түсуге арналмаған әрі тыйым салынған орындарда суға шомылуға мүлде болмайды. Суға жүзу шекарасы белгіленген орындардан әрі асып кетуге қатаң тыйым салынған. Қайық және басқа да суда жүзу құралдарын қолдану кезінде міндетті түрде құтқару жилеттерін киюді естен шығармаған жөн. Сондай-ақ қайықтардан, катерлерден, бұл мақсатқа арналмаған орындардан суға секіруге тыйым салынған. Қараңғы уақыттарда суға шомылу, суға алкогольді ішімдіктер ішкен күйі түсу адам өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті екенін тағы бір мәрте ескерткім келеді, – деп сөзін түйіндеді Ж. Асылбеков. Расында да, суда жүзу қауіпсіздігін сақтамайтындар салдарынан қас-қағым сәтте қабырғаны қайыстырар қайғылы оқиғалардың жиілеп кетті. Бұл орайда құзырлы органдар мен төтенше жағдайлар қызметі тарапынан жүйелі түрде кешенді шаралар жүргізу кезек күттірмейді. Сонымен қатар, қарапайым азаматтар да өзі мен жақындарының суға шомылу кезіндегі қауіпсіздігіне барынша жауапкершілікпен қараса жоғарыда аталғандай қорқынышты статистика азаяр ма еді дейсің… Өйткені әр адамның тағдыры өз қолында. Ал тілсіз жаудың бірі саналатын су қателікті кешірмейтінін қаперде ұстайық.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

ДИПЛОМДЫ КАДРЛАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫН ТОЛТЫРЫП ОТЫР?

Елдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбі уақытша. Жаңа жұмыс орындарының дені негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар уақытша сипатқа ие.

Плата за безнаказанность

Осень выдалась тяжелой. Мы испытали шок от череды суицидов,...

Жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды?

Олардың басым бөлігі, яғни 18 мыңнан аса жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген.

Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

Алматының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады.

Қазақстандықтар қарашада қалай демалады?

Қазақстанда күздің соңғы айы мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары тек демалыс күндері демалады.