12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл – татулықтың кепілі

Еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын негізгі конституциялық құқықтық белгілердің бірі – мемлекеттік тіл. «ҚР Тіл туралы» заңында көзделіп, Конституцияда бекітілген мемлекеттік тіл мәртебесі, оның қолдану аясын барынша кеңейтті. Нәтижесінде қазіргі күні ана тілімізді пайдалануға еш кедергі жоқ. Бұл серпіліс соттарда да өз жемісін беруде. ҚР Жоғарғы Соты тарапынан сот актілерінің сапасына қойылатын талаптар күшейтіліп, нормативтік қаулылар қабылданды.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, еліміздің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуға міндетті. ҚР «Тіл туралы» заңы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға мемлекеттік тілде, сондай-ақ, өтініш тілінде жауап беруге нұсқау береді. Заңмен белгіленген талаптар соттарда қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және  басқа тілдер мемлекеттің қорғауында. Азаматтар құқықтарын тілдік белгілері бойынша бұзуға жол берілмейді. Мысалы, мемлекеттік тілді білмейтін лауазымды адамның өтінішті қабылдаудан бас тартуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Құжаттар мен сұрау салуларды, өтінішті немесе шағымды қабылдаудан бас тартқаны, сондай-ақ оларды тілді білмеу себебінен мәні бойынша қарамағаны, жеке тұлғалардың тіл таңдаудағы құқықтарын шектегені, тілдік белгілері бойынша кемсіткені үшін айыппұлдар түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Ал тілге қатысты адамның құқықтары мен бостандықтарын тікелей немесе жанама шектеуде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер мұндай әрекеттер қызметтік жағдайды немесе қоғамдық бірлестіктің көшбасшысын пайдалану арқылы жасалса, неғұрлым ауыр жаза қолданылады.

Республикамызда мемлекеттік тілді дамытуда заңнамалық және құқықтық база, мемлекеттік бағдарламалар, концепциялар, ведомстволық жоспарлар құрылған. Осыған орай, әрбір қызметкерге өз қызметінде азаматтардың тіл таңдау құқығын бұзбай, оны дұрыс қолдануға бағыт-бағдар беруі керек. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында көрсеткендей, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді.

Ұлы Абай бабамыз «Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?»,- деген екен. Әрбір қазақстандықтың мемлекеттік тілде сөйлеуі  – елді, мемлекетті сыйлағаны, қазақты құрметтегені, яғни, өзінің болашағын елімізбен байланыстырғаны. Тіл – татулық тірегі. Тіл – достықтың бейбітшіліктің, болашақтың кепілі екенін есте ұстаған абзал.

Индира Кумысбаева,

Түрксіб аудандық соты Әкімшісінің басшысы

Алматы қаласы

ЖАСӨСПІРІМ ҚҰҚЫҒЫ – БҮТІН ЕЛДІҢ МОЙНЫНДА

Кәмелетке толмаған балалардың жүріс-тұрысы, тәрбиесі мен құқығы тек қана...

Құттықтаймыз!

24 маусым – судья және сот қызметкері күніне орай,...