12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторының жеке құрамы жас мамандардан құралған

БҰҰ Бас Ассамблеясы 12-тамыз Халықаралық жастар күні деп бекітткен болатын. Осыған орай, ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамы 13 жас маманмен толықтырылды. Олар арнайы заң саласы бойынша диплом алған соң, ҚАЖ департаментінің бос лауазымдық орындарға конкурс жариялауы негізінде қабылданып, Қостанайдағы Ш. Қабылов атындағы академияда үш айлық білімін жетілдіру курсында оқып келді.

Мекемеге алғаш келген күні мекеме бастығы, әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы жеке қабылдап, ҚАЖ қызметінің жауапкершілі жайлы айтып түсіндіріп,сәт-сапар тіледі.

Одан соң, кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлық жөніндегі аға инспекторы, әділет капитаны М. Тұрымбетов қатардағыларға әрдайым өздерімен бірге қызметтік құжаттары, жетондары мен нышанды киім үлгісінің талапқа сай болуын ескертіп, мемлекеттік қызметкерлерге арналған Әдеп кодексі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.

Бұдан соң, жас қызметкерлердің жұмыс барысына кірігіп кетуі мақсатында психолог маман, әділет аға лейтенанты М.Махашова жаңадан келгендермен тренинг өткізді. Бүгін жас мамандардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру, ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу, өздерін ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау мақсатында тренинг өткізілді.

Бұдан бөлек олармен танысу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта әрқайсысының отбасына барып, жанұясындағы әлеуметтік ахуалын зерделейміз.

Өйткені, отбасындағы жылы атмосфера олардың күнделікті қызметке түскендегі көңіл- күйінің сергек болуына игі әсері бар. Сондай-ақ, қызметтегі қыйындықтар игеріп,жұмысқа машықтандыру мақсатында тәлімгерлер бекітілетін болады- дейді,аға инспектор М.Тұрымбетов. Жалпы мекеменің жеке құрамының 80% пайызы отызға дейінгі жастардан құралады.

Олардың дерлігі өз қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, антына адалдық танытып жүрген жастар.

Бір құптарлығы жастар жұмыстарының қауырттығына қарамастан, мекемеде өткізілетін қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, өздерін өр рухты, ұлтжанды азаматтар ретінде көрсетіп келеді. Олардың арасында спорт шеберлері, ән айтып, сурет салатын, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын жан-жақты өнерлі жастар да бар.

Тағы бір ерекше атап өтетін жай,жеке құрам арасында біршамасы оқу орындарын қызыл дипломмен аяқтағандар.

Тәуелсіздігіміздің орнығуы жолында құқық саласына өз үлестерін қосып жүрген жеке құрам, осылайша білімді, білікті жас мамандардан құралған.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...