12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ ЖАҢА  ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ЖАҢАРТЫЛДЫ

«Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» — дегендей Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінде ұсталатын айыпталушылар мен сотталғандар темір тордың ішінде өзі-өзін тәрбиелеп, рухани дамыту мақсатында бос уақыттарын кітап оқуға арнағанды жөн көреді.

Қазіргі уақытта мекеменің кітапхана қорында 1200-ден астам әртүрлі жанрдағы кітаптар бар және олардың жаңартылмағанына 10 жылдам астам уақыт өткен. Осыған орай, мекеменің әкімшілігі кітапхана қорын әдеби кітаптармен жаңарту мақсатында Талдықорған қаласының қоғамдық бірлестік өкілдеріне арнайы хат жазған болатын.

2020 жылдың 06 қарашасында «Алматы облысының азаматтық альянс» ассоциациясы формасындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті       Ж.Б. Нурмуханова, «ДОС.КZ» қоғамдық бірлестігінің басшысы                 Л.Л. Котельникова, «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің басшысы  Е.Н. Радионова және «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің психологы В.А. Городецкая мекеменің кітапханасына 150-ге жуық әдеби кітаптарды сыйға тартты.

«Халық арасында айтылғандай, кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына болып саналатынын ескере отырып, біз үшін жазаны өтеу орындарында бос уақытымызды тиімді өткізіп, қоғамдық өмірден алыстамау мақсатында кітаптың алатын орны ерекше» – дейді мекеме кітапханасының оқырманы.

Өз кезегінде мекеме басшылығы тұтқында ұсталатын адамдарға көмек көрсеткен қоғамдық бірлестік басшыларына үлкен алғысын білдіреді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі

Еңбек адамды жақсартады және оның табысты әлеуметтенуінің жеке басының...

Ярмарка вакансии

Труд облагораживает человека и является одним из факторов способствующих...

«Босатылғаннан кейінгі өмірім» атты тренинг

Қызылорда облысы ҚАЖД №60 мекемесінің психолог мамандары жазасын өтеп...

Мешіт имамы дәріс жүргізді

ҚАЖК Астана қаласы бойынша Аршалы ауданында орналасқан №2 мекемесіне...

АСТ қоғамдық бирлестигинин психологы №2 мекемеде сотталғанмен психооперациялық іс-шара өткізді

Сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бағдарламалары аясында және қоғамдық ұйымдармен өзара...