12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторында тағыда Сыбайлас жемқорлық тақырыбында жиын өтті

Бүгін ЗК-169/1 тергеу изоляторында мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қайрат Байдүйсенұлы Олжабаевтың ұйымдастыруымен мекеменің жеке құрам және ерікті қызметкерлеріне кезекті жиын өтті.

Жиынның негізгі мақсаты: жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу

Жиынға Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті Өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі әділет майоры А.Қиясов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Тұрар Рашид Ғаниұлы арнайы шақыртылған болатын.

Алдымен сөз сөйлеген бас маман Р. Ғаниұлы өз сөзінде, сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстарды санамалап, « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді.

Яғни, қарапайым пара берушілер мен делдалдар үшін салынатын айыппұл мөлшерінінің өскендігі мен сотталған жағдайдағы жаза мерзімінің ұлғайтылғандығы жайлы да нақты дәлелдер келтірді.

Мысалы, бұрын ҚК-нің 367-б 2- бөлігінде « айтарлықтай пара беру» қылмысы үшін ең жоғарғы санкция 5 ж бас бостандығынан айыру болса, қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, 7 жылға дейін ұлғайтылып, бұл қылмыстың ауыр құқықтық салдары бар санатқа жатып,шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға тыйым салынатындығын баса айтты.

Екінші болып сөз алған ӨҚТ- нің жедел уәкілі А.Қиясов: Сыбайлас жемқорлық — өте күрделі құбылыс. Былай айтқанда дерт деп те айтуға болады. Батпандап кіретін, мысқалдап шығатын кесел. Сондықтан бұл дертпен міндетті түрде бәріміз қоғам боп күресуіміз керек — деп, мекеме басшылығының назарын саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді қатаң бақылауға алып, мекеме қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына аударды.

“Свет маяка надежды” әлеуметтік жобалар ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде сотталған...

Заключён меморандум о сотрудничестве с Ассоциацией социальных проектов «Свет маяка надежды»

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области,...

«Абай жұлдызы» премиясының жеңімпазы анықталды

Абай облысы, Семей қаласында өткен «Абай жұлдыз» инста-премиясы өңірдің...

ҚАЖ қызметкері құрметті демалысқа шықты

Ұзақ жылдар бойы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79...