12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторында тағы бір азамат некесін қиды.

Қызылорда облысы бойынша ЗК-169/1 тергеу изоляторында ҚР Қылмыстық Кодекстің 120-бабы бойынша жазаға тартылған азамат сүйіктісімен некесін қиды.

1992 жылы туылған бұл азамат бостандықта жүргенде болашақ жарымен үйленіп, жанұя құрсам деген ізгі ойда болатын.

Бірақ, сол күні достарымен көңіл- көтеру үшін түнгі клубқа барғанының соңы, осы қылмысқа тартылуға әкеліп жеткізді.Мен, қылмысымды білген соң, жүріп жүрген қызым енді мүлдем хабарласпас деп ойлаған болатынмын. Бірақ, дұрыс таңдау жасаппын. Сүйіктім, жасаған қылмысымды кешірді әрі некеге тұруға рұқсатын берді. Қуанғаннан некеге тұруға өтініш жаздым.

Мекеме заңгері Асқар Мұратбекұлының ықпалымен тез арада тиісті орындардың өкілдері келіп, бізге неке куәлігін тапсырды. Бүгін сондай қуаныштымын. Енді барлық болашаққа құрған жоспарларымды , темір торда отырып армандайтын болдым- дейді, болашаққа үміті зор жігіт.

Ия, шынында да, бастарына іс түскенде кез- келген жан жақындарының қолдауына зәру болады.
Соның бірі, қапасқа қамалып сотты болған Ш есімді азаматтың некеге тұруы оның қиялына қанат бітіріп, жағымды мінез құлықта болуға итермелейтіні анық.

Өйткені ол , неке куәлігін алған соң, арнайы бөлмеден көтеріңкі көңіл- күймен қайтты. Жалпы мекеме тарихында тағдырын суйіктісімен байланыстырып, түзелу жолына берік түсіп, сайып келгенде мерзімінен бұрын босатылған сотталғандар да кездеседі.

Неке олардың тәрбиесіне игі әсер ететін болғандықтан, өтініштерін тез арада қарап, қолдарына неке куәлігін беріп отырамыз.

Жыл басынан бері осымен бесінші азамат некесін қиды — дейді, АКАПТБЖ бастығы, әділет капитаны Ардақ Тұрманов.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...