Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«Әзербайжан, Түркия және Кипрге қатысты айтсақ, қарулы күштердің Бас штабы Иран аумағынан немесе елдің қарулы күштері тарапынан мұндай реактив оқ ұшырылмағанын нақты әрі ресми түрде мәлімдеді», – деп келтіреді Бағаидың сөзін ирандық SNN телеарнасы.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкіліне АҚШ пен Израильмен бітімге келу туралы келіссөз жүргізілуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды.

«Әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Қазіргі жағдайда қорғаныс пен қарсыласқа жойқын жауап беруден басқа мәселе туралы айту орынсыз», – деді ол.

Сонымен қатар, Бағаи АҚШ-тың негізгі мақсаты Иранның мұнай ресурстарына қол жеткізу екенін де мәлімдеді.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға да соққы жасай бастады. Өз кезегінде Иран Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап соққыларын жасап жатыр.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді.

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...

Жануарларға жауапкершілікпен қарайық!

Ит пен мысық сияқты үй жануарлары мен қар барысы,...

Қызылорда облысында ҚАЖД мекемесіндегі кірпіш шығаратын кәсіпорында 50-ге жуық сотталған еңбек етеді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесіндегі кірпіш шығаратын кәсіпорында 50-ге...