Таяу Шығыстағы ахуал: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне демалуға барғысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров азаматтарға үндеу жасады.

«Таяу Шығысқа демалысқа баруды жоспарлап отырған барлық азаматқа үндеу жасағым келеді. Бірнеше күннен бері геосаяси жағдай аса тұрақсыз екенін бақылап отырмыз, жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Соған қарамастан бұл елдерге бағыт алған рейстер әлі де жолаушыларға толы. Кеше Air Astana бірнеше рейсті тоқтатты. Әрине, бұл жағдайға байланысты, ол жақтан адамдарды қалай қайтарамыз деген сұрақ та туындайды. Бұл — үлкен мәселе. Мұны шешуге тура келеді. Сондықтан демалысқа осы елдерге бармас бұрын тағы бір мәрте жақсылап ойланып, дұрыс шешім қабылдауларыңызды сұраймын», – деді Смадияров СІМ-дегі брифингте.

Смадияров қажет болған жағдайда Қазақстан барлық көмекті көрсететінін айтты.

«Қазір Таяу Шығысқа бару үлкен сұрақ болып отыр. Сондықтан бұл елдерге демалуға ұшпас бұрын тағы бір рет жақсылап ойланып, салмақты шешім қабылдау керек. Әзірге ұшақтар қатынап жатыр, бірақ кез келген сәтте рейстер тоқтап қалуы мүмкін», – деп ескертті министрлік өкілі.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.