Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан қазақстандықтар эвакуацияланды

Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Иран Ислам Республикасы аумағынан ел азаматтары эвакуацияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осылайша 109 отандасымыз елге оралды.

«Азаматтар өңірдің достас мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен эвакуацияланды, 89 адам Ираннан Түрікменстан арқылы, 20 адам Әзербайжан арқылы өтті. Азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетілді және Отанға оралу үшін қажет жағдай жасалды», — деп жазылған хабарламада.

СІМ баспасөз қызметі

«Қысқа мерзімде 200-ден аса азаматымыз хабарласып, оларға көмек көрсетілді. Ирандағы қазақстандықтармен үздіксіз байланыс орнатылған, алдын ала келісілген транзит бағыттары бойынша шаралар ұйымдастырылды. Отандастарымызды елге қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарламада.

СІМ баспасөз қызметі

Қазір СІМ Қазақстан азаматтарын Израиль мемлекетінен эвакуациялау мәселесін пысықтап жатыр.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.