12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТАТУ ЕЛГЕ – ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТОҚШЫЛЫҚ НӘСІП

Ұлыстың Ұлы күні – Наурызды мерекелеу жылдан-жылға жанданып, жаңа заманмен бірге жаңа сипатқа ие болып барады. Осы аралықта мейрам елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналды.

Бұрын бұл мерекені ұлттық дәстүрді ұлықтаудың, ұлттық ойындар мен ұлттық тағамдарды жаңғыртудың, көпшілікпен бірге алаңдарда бас қосып, дәстүрлі өнер саңлақтарын тамашалаудың мүмкіндігі деп білетін едік. Ал қазір Наурыз мейрамы нағыз халықтық, ұлттық мереке ретіндегі орнын айшықтап келеді. 14 наурыздағы Амал мерекесінен бастау алатын айтулы мейрам қазақтың ұлттық мұралары мен мұраттарын түгендеуге толық жағдай жасап отыр. Бұрын тек еліміздің батыс өңірі ғана атап өтетін Амал мерекесінің соңғы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінде үлкен қызығушылықпен тойланатыны байқалады. Көрісу, қауышу, өкпе-ренішті ұмытып, табысу деген терең мағынаны беретін бұл күн ел мен елді біріктіруді, ынтымақ пен бірлікті арттыруды көздейді. Бұдан бөлек, тазалық, шаңырақ, қайырымдылық күндерінің де айналаға жанашырлықпен қарап, барды бағалауға, еңбекті дәріптеуге үйретері хақ. Ал ұлттық киім күні көпшілік тарапынан ең көп қолдау тапқан айтулы күннің бірі. Бұл күні көшедегі қаймана халық тұрмақ, қызметтегі әріптестердің де бір кісідей ұлттық киіммен жүруі Наурыздың бейнесін биіктете түседі. Мысалы күні кеше ірі қалалардағы мектеп ұжымдары бір сәтте екі мың, үш мың баланың қатысуымен ұлттық киімдер шеруін өткізіп ерекшеленді. Дәл осы шара үлкендерді былай қойғанда, жас балалардың ұлттық болмыс-бітімімізге, киімімізге деген құрметі мен қызығушылығын арттырғаны ақиқат. Аталмыш күнді атап өтудің дәстүрге айналуы ұлттық киімдерге деген сұранысты өсірді. Осы сұраныстың арқасында отандық дизайнерлердің қолынан бір-біріне ұқсамайтын, керемет киім үлгілері туындауда. Ерекше киімдер жасауға деген ынта қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әшекейлері мен құндылықтарын зерделеуге деген ынтаны өсіргені анық. Осылайша Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамасын бекіту арқылы біз өткенімізді тірілтіп, өшкенімізді жандандырып отырғанымызды мойындауымыз керек. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ұлыс оң, ақ мол, тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп болсын!

Руслан МӘЛІКҰЛЫ, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқытушысы

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нысанның қызметімен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді.

Астанада ауданның жаңа әкімі тағайындалды

Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды.

Астанада LRT-мен жол жүру құны қанша болады?

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-мен жол жүру құны қанша болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді.

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл өзгеріс жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.

Шымкентте бала қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкім қызметтен босатылды

Шымкентте алты жасар бала шұңқырдағы суға құлап қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкімдік тарапынан бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шаралар қабылданды.