Тарихи медаль еншілеген гимнаст Нариман Құрбанов жүлдесі үшін қанша табыс табады?

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Париждегі (Франция) Олимпиаданың күміс медалі үшін қанша табыс табатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Vesti.kz«-ке сілтеме жасап.

Заңнамаға сәйкес, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегеріне Қазақстаннан 150 мың доллар (70 миллион теңгеден астам) тиесілі.

Сонымен қатар, Олимпиада ойындарының чемпионы үшін 250 мың доллар, ал қола жүлдегері үшін 75 мың доллар сыйақы қарастырылған.

Сондай-ақ, 4, 5 және 6 орындарға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлеміндегі сыйлықақылар қарастырылған.

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.