12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Таксистерге салынатын салық: енді не өзгереді?

Ұлттық экономика министрлігі «салық реформасының теріс әсері бола ма?» деген сауалмен жүгінген таксопарктердің мәлімдемесіне жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, 20 ақпанда Мәжіліске қарауға ұсынылған Салық кодексі жобасында такси жүргізушілері үшін жеңілдетілген салық режимі қарастырылған.

«ҚҚС және басқа да салықтар салынбайды, жеке табыс салығының мөлшерлемесі нөлге тең. Такси жүргізушілері тек 4% мөлшеріндегі бірыңғай төлемді төлейді, оған зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру кіреді. Бұл режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ пайдалануға болады. Осылайша такси жүргізушілері үшін салық жүктемесі түспейді», — деп жазылған хабарламада.

Бұған қоса енді такси жүргізушілері интернет платформа операторымен (Яндекс және т.б.) такси парктерінің қатысуынсыз, тікелей жұмыс істей алады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы негізінде такси қызметінің түрі, оның ішінде жалға беру бойынша 15 мыңға жуық салық төлеуші жеңілдетілген декларация режимін қолданатыны белгілі болған. Оның ішінде тек 924 салық төлеуші 15 млн теңге шекті сомадан асады.

«ҚҚС төлеу міндеттемесі мен шекті сома төмендеуі тек 6 пайызына әсер етеді. Бұл – ҚҚС төлеуге міндетті ірі таксопарктер», — деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, интернет платформа операторы ҚҚС төлейді. Министрлік баға нарыққа, бәсекелестікке, сұраныс пен ұсынысқа байланысты да қойылатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы реформалар туралы шешімді қолдады.

Кейінірек Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.

Ал Ұлттық экономика министрлігі өкілі Азамат Әмрин салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкіметтің ұсынысын айтты:

«Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі — 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан толық босату, ал кейбір салалар үшін 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме. Осылайша Үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелер: 16%, 10%, 0% және босату».

1200 тұтқын мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін — ІІМ

Қазақстанда есірткі қылмысы үшін жаза өзгерді. Заң бойынша "есірткі таратушылар" (закладчик) жазасы жеңілдетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтай отырысына қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.

13 наурыздан бастап жолдарда қозғалыс шектелуі мүмкін — Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін ресми мәлімдеме жариялады.

Астана “жеке уақыт белдеуіне“ көше ме? Әкімдік жауабы

Астана әкімдігі қала "меншікті уақыт белдеуіне" көше ме?" деген сауалға жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиеваның отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты.