Такси жүргізушілеріне жаңа талап енгізілді

Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талап күшейтілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі такси қызметін көрсетуге қатысты хабарлама беру ережесіне өзгерістер енгізді.

Енді тасымалдаушы такси қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға міндетті түрде хабарлама жолдауға тиіс. Сонымен қатар, жаңартылған жүйеде көлік құралы ауыстырылғанда немесе автопаркке жаңа көлік қосылғанда өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұрынғы тәртіп бойынша тасымалдаушы нақты бір көлік құралына тіркелмейтін. Бұл жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жолаушыларға немесе үшінші тұлғаларға келтірілген шығын үшін жауапты адамды анықтауды қиындататын.

Осыған байланысты хабарлама нысанына көлік құралының маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі және шығарылған жылы туралы мәліметтер енгізілді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін арттырып, заңсыз такси қызметінің үлесін азайтуға мүмкіндік береді.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.