Түзеу мекемелерінен босатылатын азаматтарға ҚР ҚАК-нің 171 бабында көрсетілгендей әкімшілік қадағалау орнатылады.
Әкімшілік қадағалау — қылмыстың алдын-алу, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылау мақсатында қолданылатын әкімшілік шара.
Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің режим бөлімінің бастығы әділет майоры Әзімхан Рахмановтың айтуынша әкімшілік қадағалау мекемеден босатылатын барлық сотталғандарға қойылмайды. Сотталғандарға әкімшілік қадағалауды орнату соттың қаулысымен қойылады. Яғни, қайталап қауіпті қылмыстар жасағаны үшін, сол сияқты террористік немесе экстремистік қылмыстар және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін, екі одан да көп рет сотты болғандара және жаза мерзімі аяқталған кезде дәрежесі үшінші теріс мінзе-құлықты сотталғандарға белгіленеді. Жыл басынан қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден 118 сотталған босатылған.
Бұл сотталғандардың ешқайсысына әкімшілік қадағалау қойылмаған. Өйткені, бұл сотталғандар ҚР ҚАК-нің 171 бабында көрсетілген ауыр, аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандар емес. Сондықтан оларға әкімшілік қадағалау қойылмайды дейді әділет майоры Ә.Рахманов. Мекемеден босатылған сотталғандардың ақпараттық іздестіру карточкаларын дактолоскопиялық картасымен бірге, босатылатындығы жөніндегі сот қаулысы көшірмелерін сотталғанның тұрғылықты жеріндегі жергілікті полиция басқармасына жолданады.
Әкімшілік қадағалау орнатылған азаматтарды қадағалауды ішкі істер органдары жүзеге асырады. Мысалы, әкімшілік қадағалауға алынған адамға тәуліктің белгіленген уақытында үйінен ұзап кетуге, кейбір қоғамдық ортада (мәдениет, демалыс орындарында) жүруге тиым салынады. Әкімшілік қадағалау қайта қылмыстың алдын алуға, заңдылықты сақтауға септігі мол.
ДАНА ДОСТАНОВА
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД