12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түзетіп-дамыту орталығының балаларына көмек көрсетілді

Абай облысында 19-мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар Семей қаласындағы «Инсайт» түзетіп-дамыту орталығының дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетті.

Қатаң режимді колонияда жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған сотталғандар «Ауыратын балаларға көмек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияның басталу туы ағымды жылдың 1 қыркүйегінен желбіреген болатын. Ал бүгін сотталғандар дайын болған құрылыс өнімдері мен жуғыш заттарын мекеменің әкімшілігі арқылы психикалық дамуы тежелген, Даун синдромы, ақыл-ойдың артта қалуы бар, «Инсайт» түзетіп-дамыту орталығында тәрбиеленіп жатқан балаларға жөнелтті. Акцияның мәрелі уақыты қыркүйек айының соңына белгіленгендіктен, орындықтарға арналған жапқыштар, кітап пен ойыншық жинайтын әлмелер, зейін, есте сақтау және сөйлеуді дамытуға бағытталған сабақтарға арналған дидактикалық материалдар, сонымен қатар эрготерапиялық тақтайшалар мен балансирлер әлі дайындалу үстінде.

«Акцияны ұйымдастырып, көмек беріп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Дүкеннен сатып алған дидактикалық заттар тез сынып қалып жатады, ал мына сыйлықтар сапалы ағаш пен металлдардан жасалған. Біздің балалардың басқа балалардан өзгешеліктерін айтпаса да түсінікті. Кейде әдейі емес шағып, сындырып қоятындары да бар. Жуғыш заттар тіпті тамаша сыйлық болды. Біз орталықта Психо-сөйлеу дамуы тежелген, Даун синдромы бар, психикалық дамуы тежелген балаларды әр топтарда жеке жеке тәрбиелейміз. Олармен күн сайын педагог-дефектологтар, психолог-логопедтер, олигофренопедагогтар жұмыс істейді. Біз балаларды толық күндік тәртіпте қабылдаймыз. Сабақтан бөлек олар осында тамақтанып, күндізгі екі сағат ұйқымен қамтамасыз етіледі», — дейді орталық директоры Аян Дулатұлы.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...