12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚОСЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҰЙЫМ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтағы ұстанымының айқын және беріктігі туралы айтылған әңгіме мен жазылып жатқан мақалалар аз емес. Алайда, қарапайым оқырмандар арасында Қазақстанның тәуелсіздік дәуірінде мүше болған алғашқы халықаралық ұйымына қатысты мәліметті шатастырушылар көп. Тарихқа көз жүгіртер болсақ КСРО ыдырай бастаған кезде ең алдымен Шығыс Еуропадағы одақтас республикалар өз дербестігіне қол жеткізгенін аңғарамыз. Ал, оның құрамынан ең соңғы болып шыққан Қазақ КСР Президентінің ұстанған саясатына қатысты әлі күнге дейін жұртшылық арасында алыпқашты сөз көп. Біреулер өзімбілем деп шамалап айтса, екінші біреулері ештеңенің байыбына бармай-ақ дүрмекке қосылып жүр.
Сондықтан, Қазақстанның сыртқы саясатындағы халықаралық ұйымдар туралы сөз болған кезде сол кездегі жағдайға қайта бір шолу жасап шыққанды жөн көріп отырмыз. Бұл үшін ең алдымен Қазақ КСР Президенті, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Н.Назарбаев 1991 жылы 2 наурызда КСРО Орталық теледидарының тікелей эфирінде сөйлеген сөзі мен телекөрермендердің сұрақтарына берген жауаптарына үңілген артық болмас. – Үш фактор кез келген мемлекетті ынтымақтастырады. Біріншісі – сыртқы әскери қауіп-қатер. Екіншісі – ортақ идеология. Үшіншісі – өзара тиімді экономика. Қауіпсіздік шаралары туралы кез келген ел ойламай отыра алмайды. Алайда халықаралық жағдайдағы жылылық болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беріп отыр. Ал, біз тірек еткен бірыңғай идеологияға қатысты айтар болсақ, шындығына келгенде,
оның бірлігі де бүгінгі таңда қалған жоқ. Сондағы қалғаны не? Экономика.
Ол бүгін барлығына әсерін тигізуде. Бізге экономикадан бастау қажет. Міне, мен сондықтан да өз ұстанымымда қала беремін: барлығын бірдей бір арқанмен Одаққа тартуға болмайды. Халықтың еркіне, конституциялық негізде сайланған билік органдарына шындап қарау керек, – дейді сол кезде Н.Назарбаев. Сарабдал саясаткер онда «Одақтық шарт турасында өздері үшін шешім қабылдаған республикалар оған кідіріссіз қол қойып, функцияларын анықтап, орталық құруы қажет. Мемлекет болуы керек. Елдің көп бөлігі осыны күтіп жүргеніне мен сенімдімін. Мұны батыста да, әсіресе, кіммен жұмыс істерін білмей жүрген бизнесмендер күтуде. Сонда барып барлық қиындықтарды еңсере алатын экономикалық кеңістік құрылатын болады. Бұл біздің мемлекеттік құрылысқа деген шынайы тәсіл екеніне сенімдімін, – дегенді айтқан. Сондай-ақ, республикадағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтап қалу қалайша мүмкін болып отыр және мұны Президент өзінің еңбегі деп есептей ме деген сұраққа: «қазір біреудің еңбегі деген әңгімелерді айту орынсыз. Біздің республикадағы халықаралық қатынастардың тұрақтылығы – бұл келешек ұрпақтың
өмірімен байланысты саясат мәселесі. Біз тату көршілік қатынастарды, халықтар достығын ата-бабамыздан
мұраға алдық және біздің міндетіміз оны балаларымызға сол күйінде табыстау болып табылады» деп жауап берген. Ал, 3 шілдеде Одақтық шарт тағдыры туралы әңгімелесу үшін Алматы қаласында орталықтың қатысуынсыз 15 республика басшыларының кездесуін өткізуге даяр екенін мәлімдеген.
Алайда, «Одақтық шарт – жалпы КСРО аумағындағы жаңа тұрпаттағы ең алғашқы халықаралық ұйым болады» деген үміт ақталмады. Сондықтан, 1 қазанда Қазақ КСР Президенті өзінің шақыруы бойынша Алматыға келген 13 егемен республиканың және Республикааралық экономикалық комитет басшыларымен кездесті. Кездесудің қорытындысы бойынша Коммюнмикеге қол қойылып, республика басшылары «кездесуге қатысушылар егеменді мемлекеттер арасындағы түбегейлі жаңа экономикалық қатынастардың негізін қалайтын экономикалық қоғамдастық туралы шартқа қол қоюды жақтайды» деп мәлімдеді. Алайда, экономикалық қоғамдастық туралы шарттың да тағдыры орта жолдан үзілді. Оған түрткі болған 1991 жылғы 8 желтоқсанда Ресей, Беларусь және Украина басшыларының (Б.Ельцин, С.Шушкеевич және Л.Кравчук) Беловежье қорығында КСР Одағы өмір сүруін тоқтатқанын білдірген, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қоюы болды. 9 желтоқсанда Н.Назарбаев олармен кездесу үшін Мәскеу қаласына ұшып барып, кездесу алдындағы баспасөз мәслихатында: «Одақты қайта жаңғыртудың өркениетті формаларын ұстану, одақтас республикалар ретінде КСРО-ға кірген және өз егемендігін жариялаған барлық мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындап, оларға БҰҰға кіруіне көмектесу қажет» деп Қазақстанның ұстанатын саясатын білдірді. Ал, 12-13 желтоқсанда Ашхабад қаласында өткен Орталық Азия және Қазақстан республикасы басшыларының консультативтік кездесуінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан Президенттерімен бірге ТМД-ның теңқұқылы құрылтайшылары болуға даярлығы туралы мәлімдеген бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Одан кейін 21 желтоқсанда Қазақстанның бастамасымен Алматыда бұрынғы КСРО құрамына кірген 11 тәуелсіз мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Оған Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбестан, Ресей, Түрікменстан, Украина, Беларусь басшылары және Грузия байқаушы ретінде қатысты. Оның қорытындысы бойынша 8 желтоқсандағы ТМД құру туралы келісімнің хаттамасына; Алматы декларациясына; ТМД үйлестіру институттары туралы келісімге; ТМД басшылары кеңесінің хаттамасына; ТМД кеңесінің шешіміне қол қойылды. Жалпы, осы кездесуде қабылданған Алматы декларациясы КСР Одағының күйреуін және ТМД құрылуын заң жүзінде жариялаған
маңызды құжат ретінде тарихқа енді. Соның нәтижесінде 23 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымы VII сессиясының пленарлық отырысында ТМД құру туралы келісім ратификацияланды. Сонымен қатар Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Эстония республикаларының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындау туралы шешім қабылданды. Ал, 30 желтоқсанда Минск қаласында өткен ТМД Мемлекет басшыларының кеңесінде 15 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде ТМД Мемлекет басшылары кеңесі және Үкімет басшылары кеңесі туралы уақытша келісім; ТМД-ға қатысушы мемлекет басшылары кеңесінің Қарулы Күштер мен шекара әскерлері туралы келісім; ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы стратегиялық күштер жөніндегі келісім; Ғарыш кеңістігін зертеу және пайдаланудың бірлескен қызметі туралы келісім бар.
Алдағы жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануымен қатар ТМД ұйымының да құрылғанына 30 жыл толғалы отыр. Бүгінде аты жиі айтыла бермегенмен Қазақстанның тәуелсіздік дәуірінде мүше болған
алғашқы халықаралық ұйымы ретінде және оның елдің даму жолындағы қосар үлесі алдағы уақытта бағасын
алары анық.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

[ratings]

ЖЕР БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР

Қиян шеттегі ауылды қайдам, аудан орталығындағы жер бағасы сіз бен бізді ойландырмай қоймайды. Облыс не үлкен қала орталығына жақын елді мекендерді былай қойғанда, 10-15 мың түтіні бар моноқалалық жерде 10 сотық жер бағасы 2-3 млн теңгеден асып жығылады.

Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?

Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы айтты.

Елімізде 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 24, 25 және 26 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжап айтты.

ШҚО-да қар көшкініне байланысты жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Елімізде қанша ұшақ 25 жылдан ұзақ пайдаланылған?

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жолаушы тасымалдайтын қанша ұшақтың мерзімі 20 жылдан көп екенін айтты.