12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркия «Спутник V» вакцинасының 50 миллион дозасын сатып алатын болды

Түркия билігі коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының 50 миллион дозасын сатып алу туралы келісімге қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа ел вакцинаны сатып алуға шешім жасағанын мәлімдеді, өйткені қазір түрік реттеушілері мақұлдаудың соңғы кезеңін жүргізіп жатыр: препаратты шұғыл қолдану үшін бекіту жоспарланып отыр.

Келісімге сәйкес, препаратты жеткізу мамырда басталады, Түркия алты ай ішінде 50 миллион доза вакцина алуы керек.

Қазір елде Sinovac және Pfizer-BioNTech вакциналары қолданылып жатыр. БАҚ мәліметінше, Түркияда вакцинаның 22 миллионға жуық дозасы келген. Тұрғындардың 16 пайызы кем дегенде бір дозаны, ал 10 пайызы екі доза салдырған.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде қытайлық вакцинаны салдырған болатын, өйткені 2020 жылдың желтоқсанында Түркия ресейлік препаратты сатып алудан бас тартты. Қазір елде COVID-19-ға қарсы өз вакцинасын жасау аяқталып қалғаны хабарланды. Еске салайық, коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты елде 29 сәуірден 17 мамырға дейін толық локдаун жарияланды.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...