12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркия Ресейдің ДХР мен ЛХР-ны тану туралы шешіміне пікір білдірді

Түркия Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындау шешімін айыптады. Түркия Сыртқы істер министрлігі Мәскеудің әрекетін «қабылдауға келмейді» деп атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

«Ресей Федерациясының Донецк және Луганск деп аталатын республикаларды тану туралы шешімі Минск келісімдеріне қайшы келеді, сонымен қатар Украинаның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын айқын бұзу. Ресей Федерациясының шешімі қабылдауға келмейді және біз оны қабылдамаймыз», — делінген Түркия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі Түркияның Украинаның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға адалдығын қуаттап, барлық мүдделі тарапты парасатпен әрекет етуге және халықаралық құқықты сақтауға шақыратынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойған болатын. 

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...