12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістандық сотталған жігітке ой салған тренинг

Түркістан қалалық пробация қызметінің бақылауында тұрған 14-29 жас аралығын сотталған жастармен психологиялық жұмыс жүргізілді.
Осыған байланысты жасөспірімдер арасында сотқа дейінгі Пробацияда жүрген азаматтар бар. Түркістан қалалық Пробация бөлімінің инспектор-психологы Ақмарал Бекбай, Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп пробация қызмет інің есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша сауалнама жүргізді.
Бұл іс-шаранын мақсаты, жастардың психология, психика, темперамент және мінез-құлқымен таныстырды. Сонымен қатар топтағы қарым-қатынас, топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру сондай-ақ жастардың өзіндік мінез-құлқын жақсарту болып табылады. Ал, жасөспірімдер өмірдің сынақтарынан мойымай болашаққа жоспар құрып айқын мақсатқа жетудің әдіс тәсілдерін үйретті және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы кеңестер берді. Пробация қызметінде сотталғандарды әлеуметтік жолмен түзету басты назарға алынған. Ал, пробация қызметтінің міндетіне қоғаммен оқшаулаумен байланысты емес жазалардың орындалуын қадағалаудан басқа, тәрбиелік, психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету түрлері де кіреді. Пробацияның мақсаты – жазатайым жазаға тартылғандарды бірден кінәлап, қараламай, керсінше оларға түзелуге мүмкіндік беріп, қоғамға қажет екендіктерін сезіндіру. Сондай-ақ, жаңа қылмыстың алдын-алуболып табылады. Кәмлетке толмаған сотталған жасөспірімдерді үнемі бақылауда ұстау, мұғалімдерімен және ата-аналарымен тығыз байланыста оң ықпал ету бағытында үнемі жұмыстар жүргізіліп отырады. Біздің мақсатымыз – осы кем-кетіктің орнын толтырып, шалыс басқан жасөспірімдерге қоғамнан өз орнын табуына қол ұшын беру, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы-психолог әділет аға лейтенанты Ақмарал Ұлықбекқызы.
Психолог маманның кеңесінен қажетті мағлұмат алып, өзінің жасаған қылмысына өкінетін де жасырмады. Азат есімді сотталған азамат осы күнге дейін өзінің анасына дөрекілік танытып келгенін жасырмады. Ол өзінің жасаған қателігі үшін ең алдымен анасынан кешірім сұрайтынын тілге тиек етті.

Мен өзімнің жасаған қылмысым үшін қатты өкінемін. Осы күнге дейін анама дөрекі сөйлеп келдім. Өзімнің жіберген қалеіктерім үшін анамнан кешірім сұраймын. Анамды ренжітіп, жылаған әрбір көз жасы менің өмірде жолымның болмауына алып келіп соғуда. Қазақ халқы «баланың бақыты, ананың табанының астында» деп бекер айтпа керек. Ананың разылығын алған адамның өмірде жолы болатынын түсіндім. Психолог маманның кеңесінен үлкен ой түйдім. Менің түзелу жолыма үлкен үлесін қосқан Түркістан қалалық пробация бастығы мен қызметкерлеріне алғыс айтамын, — деді сотталған Азат.
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға, бос уақытын тиімді пайдалану мен өмірге қызығушылықтарын арттыруға, өзін-өзі дамытуға арналған психологиялық дөңгелек үстелден көптеген қажетті дүниелерді естіді. Нәтижесінде азаматтар өз ойларын ортаға салып белсенділік танытты. Мұндай психологиялық семинар-тренингтер жалғасын табады деген сенімдеміз.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...