12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістандық сақшылар балаларға қуаныш сыйлады

Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері 50-ге жуық балаға қуаныш сыйлады.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған 12 жағдайы төмен және көпбалалы отбасының елуге жуық балаларын Түркістан қаласындағы Караван сарайының Арена ойын сауық орталығында өткен циркке алып барды.

Кішкентай балғындардың жүзіне күлкі сыйлау үшін акробаттар, сайқымазақтар, жонглерлер барын салды. Көңілдері алып-ұшқан балақайлар бір сәтке болса да сыйқыр-ғажайып әлеміне саяхат жасады.

Біздің пробация қызметінің есебінде тұрған жағдайы төмен және көпбалалы отбасының елуге жуық балаларын ата-анасымен циркті тамашалауға алып келдік. Балалар жазғы демалысында бір сәт болса да әртүрлі таңғажайптарды көрсін. Карван сарайндағы қойылымды көрген балалардың жүзіндегі күлкісі, қуанышы өте керемет сәт болды мен үшін. Балалар цирктен шыға салып бір-біріне өздерінің қуанышты әсерлерін бөлісіп, шапырлап әңгімелерін айтты. Әуеде қалықтай билеген билеріне қарап қызығып отырмыз. Таң-тамаша болғанымызды жасырмаймыз. Алайда бұл өнерпаздарға тағы да шексіз алғысымды білдіріп, шығармашалақтарына табыс тілеймін!, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы Дулат Мықтанбек.

Бұл күні көңілді цирктің ғажайып қойылымдары өңірдегі пробация қызметінің тіркеуінде тұрған жағдайы төиен және көпбалалы отбасыға арналды. Көңілдері алып ұшқан балақайлар цирктің кереметтеріне куә болды.

Біздің балаларымызға қуаныш сыйлап, осындай керемет циркке алып келген Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Әрине, өзімнің қателік жасап заңды бұзғаныма өкінемін. Алдағы уақытта құқықбұзушылыққа жол бермеуге тырысамын. Балаларымның тәрбиелі, өнегелі болып өсуіне бар күшімді саламын. Менің жіберген қателігімді балаларым жібермесе екен деймін, — деді сотталған Самал.

Біз үшін маңыздысы — олардың көңіл-күйінің көтеріңкі болуы. Балаларға жылдың әр күнінде қорған болуымыз керек. Жазғы демалыста олар ерекше мейірімді күтеді.

— Шынымды айтсам маған цирк қатты ұнады. Осындай таңғажайыпқа келуді көптен бері армандап жүр едім. Әсіресе, әуеде қалықтай билеген билеріне қарап қызығып отырдым. Таң-тамаша болғанымызды жасырмаймыз. Бір-бірімізге циркетен алған әсерімізді бөлісіп біте алмай жатырмыз. Алайда бұл өнерпаздарға тағы да шексіз алғысымды білдіремін, — деді сотталған Мәди есімді азаматтың қызы Ақгүл.
Балаларға қай кезде қуаныш сыйласақ та аздық етпейді. Себебі, бала – біздің болашағымыз. Болашағымыздың мығым болуы үшін, атсалысу біздің парызымыз.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Nº15 мекемесінде Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен екі ангар өндірістік цехтары салынуда

Казакстан Республикасының Президентінің тапсырмасын жэне Казакстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алқасының...

Следственный изолятор г.Кокшетау посетила министр здравоохранения РК

Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова, в рамках рабочей...

В учреждении №21 состоялся литературный вечер, посвященный 180-летию Абая

В Абайской области состоялся практический литературный вечер «Абай тағылымы»,...

Абай облысында жас қызметкерлерді Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру күні өтті

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу құрметіне Абай облысының әйелдер...