12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістанда 4 отбасыға азық-түлік таратты

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға қалалық бас имамының бастамасымен қайрымдылық шара ұйымдастырды.

Шара барысында Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған көмекке мұқтаж 4 отбасыға азық-түліктер таратты.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беріп, мейірімділік таныту арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қайырымдылық көмек жасауды игі дәстүрге айналдырған Түркістан қалалық пробация қызметі тағы да жақсылықтан, қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастырды.

– Жақсылық жасау баяғыдан келе жатқан салтымыз. Жақсылық жасау арқылы мұқтаж адамдарға жанашырлық танытамыз. Пробация есебіндегі азаматтар арасында жағдайы төмен отбасылар бар. Есептегі азаматтар болған соң, бәрінің жағдайы алақандағыдай белгілі. Сол себепті үнемі азық-түлік таратып, әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп келеміз, – деді қалалық пробация қызметі бөлімшесінің инспектор-психологы әділет аға лейтенанты Ақмарал Ұлықбекқызы.

«Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана» деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау әрбір адамның борышы. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?! Осындай шара барысында азық-түлікке ие болған бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған азаматтар ұйымдастырушыларға алқысын білдірді.

– «Екі қолға бір күрек» деп қолдан келген жұмысқа орналасқан едім. Жұмысқа тұрғанда келісім-шарт жасамай, жұмысқа кірісіп кеттім. Ол жерде екі ай жұмыс істедім. Бірақ, жасаған жұмысымның ақысын бермеді. Әйелім бала тәрбиесімен үйде отыр. Содан не керек, оңай олжаға кенелмек болып, ұрлық жасадым. «Ұрлық түбі қорлық» деп бекер айтпаған екен ата-бабамыз. Пробация қызметінде тіркеуде тұрғаныма бір жылдан асты. Әрине, жасаған ісіме өкінемін. Менің түзелу жолыма үлкен септігін тигізген Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Отбасымызға азық-түлік себетін беріп, жұмысқа орналасуыма мүмкіндік жасады, – дейді сотталған Жігер есімді азамат.

Раушан Нарбек
Тұркістан облысы

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...