Тұрғын үйіңіздің кондоминиум құқығын тіркеу қажет пе?

Тұрғын үйіңіздің кондоминиум құқығын тіркеу қажет пе? Олай болса, біздің парақшамыздың #oqy&toqy айдарына зер салыңыз.

?Egov.kz арқылы
?Порталға кіріңіз
?Іздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табыңыз
?Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
?Өтініш берушіні таңдаңыз
?Тұрғын үй туралы мәліметтерді толық толтырып шығыңыз
?Екінші қадамда портал жер учаскесі туралы мәліметтерді сұрайды, көрсетіңіз
?Қызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз
?Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет
☝️Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесінің актісінің скан көшірмелер қажет болады. Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбіртегінің де скан көшірмесін жүктейсіз.

?ХҚО арқылы
?Алдымен кез келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
?Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
?Операторға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті
☝️Ескерту, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растаулары керек.

⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда — 3 жұмыс күні
?Қызмет құны — 2404,98 теңге.

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді.

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...