Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты 

Қазақстан Президенттігіне бұрынғы кандидат, экономист Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шығатынын мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлап, партия қатарынан кету туралы өтінішін 4 мамырда жолдағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рахымбековтің айтуынша, оның қоғамдық-саяси қызметі 2015 жылдың қыркүйегінен бері «Ауыл» партиясымен тығыз байланысты болған.

Осы уақыт ішінде 7 жыл бойы партияның Президиумы мен Саяси кеңесінің мүшесі болдым, ал 5 жылдан астам уақыт партия төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқардым, – деп жазды ол.

Ол сондай-ақ партия тарапынан бірнеше сайлауға ұсынылғанын атап өтті. Атап айтқанда, 2019 жылғы Президент сайлауына, 2021 және 2023 жылдардағы Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде қатысқан.

Ұзақ ойланудан кейін Рахымбеков партияның барлық сайланбалы органдарынан және мүшелігінен шығу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Партияға және сенім артқан әріптестеріме алғысымды білдіремін, – деді ол.

Қазіргі таңда Төлеутай Рахымбеков өз шешімімен «Ауыл» партиясындағы қызметін аяқтап, алдағы кәсіби және қоғамдық бағытын қайта қарастыруда.

Айта кетейік, қазір ол ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының вице-президенті қызметін атқарады. Ол бұл лауазымға 2024 жылдың 31 мамырында сайланған.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...