12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түзеу мекемесінде сотталған азамат неке қиды

ҚР ІІМ ҚАЖ Департаментінің № 3 түзету мекемесінде ерекше оқиға орын алды — мұндағы сотталған азамат пен оның сүйіктісі ресми түрде некеге отырды.

Мекеме әкімшілігі тарапынан барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілді. Неке АХАЖ органдарының қатысуымен ресми түрде тіркеліп, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері куәгер болды.

Бұл – Қазақстан Республикасының Конституциясында және “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” заңында бекітілген әр азаматтың отбасын құру құқығын сақтау мақсатында жүзеге асырылып отырған шара.

Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай шаралар сотталған азаматтың қоғамға оң көзқарасын қалыптастыруға, әлеуметтік байланыстарын сақтап қалуға ықпал етеді.

Жас жұбайлар бір-біріне адалдыққа ант беріп, болашақта бірге өмір сүруге үміт артты.

«Капитан Байтасов» фильмі көрсетілді

Бүгін, 2025 жылғы 12 қарашада, республикалық акция аясында «Құрмет...

Прошёл показ фильма «Капитан Байтасов»

Сегодня, 12 ноября 2025 года, в рамках республиканской акции...