Түркістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: зардап шеккендер бар

Түркістан облысында «Жаңақорған – Түркістан» учаскесінде «Саратов – Алматы» бағыты бойынша жүріп бара жатқан №8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті. Оқиғадан зардап шеккендер бар,– деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚТЖ компаниясының баспасөз қызметі 16 маусым күні сағат 12:49-да Шиелі – Түркістан аралығында «Саратов – Алматы» бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызы қозғалып бара жатқанда, техникалық себептерге байланысты бір вагонның дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткенін хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам зардап шеккен. Бір жолаушы әйел вагонның әжетханасында болған кезде басын соғып алған. Сонымен қатар, бір бала қайнаған суға күйіп қалған.

Компанияның мәліметінше, жолаушыларға медициналық көмек ұсынылған, бірақ олар көмектен бас тартқан.

«Оқиға салдары жою және қозғалысты қалпына келтіру үшін оқиға орнына шұғыл түрде қалпына келтіру пойызы жіберілді», — деп хабарлады ҚТЖ.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...