Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы анықталды

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында Арал-Сырдария бассейн инспекциясы мамандары Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғыны анықтады. Тексеріс нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

Сондай-ақ, жергілікті әкімдікке анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілген.

Айта кетейік, 2025 жылы бірінші тоқсанда Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 20 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 26 заңбұзушылық анықталып, 10 ұйғарым шығарылып, 13,3 млн теңге сомасына 133 әкімшілік айыппұл салынған.

«10 маусымнан бастап жаңа Су кодексі күшіне енеді. Құжатқа сәйкес бассейндік инспекциялар қадағалау және жедел әрекет ету шараларын қабылдау құқығына ие болады. Сонымен қатар, Су кодексіне сәйкес Әкімшілік кодекске де өзгерістер енгізіліп, су заңнамасын бұзғандарға жазалау шаралары күшейтіледі», — деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.