12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалай қалыптастырамыз?

Сыбайлас жемқорлық — бұл адамның көздеген мақсатына оңай әрі тез жету үшін, «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүріп, оңай жолды таңдау арқылы Қазақстан Республикасының бекітілген заңын бұзып, ақша ұсынуы және оны өз еркімен қабыл алуы.

Сыбайлас жемқорлық сөзінің өзі сындыру, құрту, бүлдіру деген мағынаны білдіреді. Бұл бізге сыбайлас жемқорлық кез келген елді құртып, халықтың арасына іріткі салып, келешегіміздің бұлыңғыр болатынын түсіндіреді. Бұл тезистің мақсаты: сыбайлас жемқорлықты алдын алу. Тезистің міндеттері: көпшілікке парақорлыққа қарсы іс-қимылдарды насихаттау; ғаламдық мәселенің алдын алу және шешімін табу; қоғамға кедергі келтіретін, әлемдік дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресу.

Жемқорлық «Коронавирус» іспеттес десек қате болмас еді. Коронавирус секілді әлемнің түкпір түкпірін жайлап алды да, қоғаммен өсіп, дамуда. Жемқорлықтың осылай белең алуы қазіргі таңдағы басты мәселеге айналды. Міне, осыдан «Бұл ауқымды мәселені шешу үшін қандай шаралар жасалып жатыр? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалай қалыптастырамыз?» — деген сан алуан сұрақтар туындайды.

Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бар. Егер Қазақстан азаматы немесе азаматшасы пара беру барысында ұсталса, жоғарыда аталған заң бойынша ауыр жазаға тартылады. Алайда, бұған қарамастан қаншама адамдар жемқорлықтың өсуіне өз үлестерін қосуда. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер, жоғары лауазымды адамдар. Қаншама қарапайым халық сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанайқайларын баспасөздерде жеткізген болатын. Бірақ өте өкініштісі сол адамдарға ақшаны өздері ұсынатындығында… Себебі, қазіргі таңда адамдардың түп санасында бұл заманды ақша билейді деген қағида қалыптасып кеткен. Бұл түсінікті алдын алу үшін ең алдымен әр жеке тұлға санасын, бұл мәселеге деген көзқарасын өзгертуі қажет.

Біріншіден, адам саналы түрде пара сұрауды тоқтатуы қажет, тіпті ұсынған жағдайда қажетті органдарға дереу ескертуі тиіс. Осылайша, сол адамдар өз жазасын алады. Егер осылай жасасақ пара ұсынушы және оны қабыл алған адамдардың бойына қорқыныш ұялайды, әрі пара беремін деген ой екінші рет туындамайды. Ең бастысы, олар бұл жағдайдан сабақ алары сөзсіз.

Екіншіден, тәрбие мен мәдениеттілікке тікелей қатысы бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Жастарды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек». Бұлай ерекшелеп айтуының өзі еліміздің болашағы жастардың қолында екенін, олардың еліне адал болуы, түзу жолды таңдауы, сыбайлас жемқорлықтың орын алуын болдырмауы еліміздің өркендеуіне біршама үлес қосатынын көрсетеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында адал еңбек пен маңдай термен тапқан әр тиын — нағыз ардың ісі екенін, өскелең жастарға да бұл қасиетті бойларына сіңіріп, тәрбие беру керек екенін жеткізеді. Осы бастан өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетін, сыбайлас жемқорлық біздің қоғамда өмір сүріп жатқан «құбыжық» екенін түсіндіру керек.

Қорытындылай келе, әр адам өз-өзімен жұмыс жасау керек, тек бас пайданың қамын емес, елдің келешегін ойлау қажет. Саналы ұрпақты тәрбиелеп, олардың бойына адал қызмет ету, заңсыз жолмен келген ақшамен шалқып өмір сүру бақыт емес, керісінше, болашағы жарқын елде өмір сүру үлкен бір бақыт екенін түсіндіруі қажет. Әрине, үкімет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар үнемі жағдайды қатаң түрде бақылауда ұстаулары маңызды. Еліміздің амандығы мен дамығанын, бәсекеге қабілетті мықты елдер қатарында болғанын қаласақ, сыбайлас жемқорлықты жеңуге бірге ат салысуымыз қажет. Бірлікте болсақ, заңға сүйеніп әрекет етсек алынбайтын қамал жоқ. Сананың өзгеруі адамның ішкі жан дүниесін, пейілін өзгерткенде, өзін саналы тұрғыдан өзгерткісі келсе, бәрі дұрысталары анық.

Түркістан облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысынң хатшысы Д.Каюмова

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...