12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес отбасынан басталады

Жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылған, табыла беретіні тағы анық.Бұл үрдісті дамушы елдер негізгі ұстанымына айналдыра білгендіктен, жылжыған жылдармен жетістіктерге жетіп отырғанын әлемдік тәжірибе көрсетті.

Міне, сондықтан да бүгінгі таңда біздің елімізде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу мақсатында іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді, жегі құртқа айналған осы қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Қоғамымыздың барлық саласына қарқындап бара жатқан жемқорлықтың жолына тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою мүдделі тұлғаларды жауапқа тарту бүгінгі күннің басты міндеттерінің біріне айналғанын да оқырман көріп отыр.
Осындай теріс құбылыстармен күрес жүргізу құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, елге, ұлтқа жаны ашитын барлық азаматтардың парызы. Азаматтардың көбі мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Себебі, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Осыған байланысты, мұндай кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңу жеткіліксіз. Жемқорлықты бүкіл халық ат салысқан жағдайда ғана тоқтатуға болады. Жемқорлықпен күреске қарсы иммунитетті отбасынан, мектептен бастап қалыптастырады. Ал, бала – ата ананың іс-әрекетін қайталаушы екені белгілі. Әке-шешесінің өз мәселесін қиындықсыз шешіп, заңдық тұрғыда қысым көрмегенін, мемлекеттік қызметті алуда таныс-тамырдың көмегіне жүгінбегенін көріп-біліп өскен бала кейін өзі де адал еңбек етуге талап қылады. Сол себепті жемқорлықпен күреске қарсы иммунитетті отбасынан бастау керек.

Құқықбұзушылықтар орын алған сәтте құқығы бұзылған тұлға тарапынан құқық қорғау органдарына хабар өз уақытында жетпейді, осыған орай, құқықбұзушылыққа қатысты тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында пара алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жазалау керек. «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» делінген.
Сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру басты талаптардың бірі болып табылады. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың жауапкершілігін ұлғайтуға да, биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының бұл мәселені шешудегі әлеуметтік әріптестігіне де баса мән берілген.
Азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу үшін жыл сайын Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлерімен ашық есік күндерінің ұйымдастырылуымен қатар, жергілікті тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша кеңестер алу үшін іс-шаралары жоспарланған.

Әділет департаментінде басқарма және бөлім басшыларының қабылдау кестелері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мәтіні ілінген.
Мемлекеттік қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң мен Әдеп Кодексінің сақталуы сияқты қоғам тарапынан міндеттерін адал атқаруы қатаң талап етіліп отырылады.

Бота Карабекова,
Алматы қаласы Әділет департаменті
Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің
жетекші маманы

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...