12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот шешімінің орындалуы өте маңызды!

Ата Заңымыз — Конституцияның 76 бабының 3 тармағы және ҚР Азаматтық  процестік кодексінің 21 бабына сәйкес соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулылары барлық мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен міндетті түрде  орындалуы тиіс. Халқымыздың соттарға деген сенімінің артуы мен қоғамда құқық сақталуы үшін сот шешімдерінің өз күшінде орындалуы аса маңызды!

Қазіргі кезде сот шешімдерінің орындалу мәселесіне аса мән берілуде. Атқарушы қызмет туралы заңдар жетілдіріліп, сот орындаушыларының материалдық-техникалық жағдайлары жақсартылып жатыр. Сот шешімін орындамаған борышкерлерге балаларына алимент төлемейтін қашқын әкелерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті одан әрі күшейту көзделген. Шығарылған сот шешімі толығымен орындалмайынша жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтары қалпына келтірілді деуге болмайды. Соттың өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде шығарған шешімдері мен талаптары барлық мемлекеттік орган мен олардың лауазымды тұлғалары, жеке және заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті болып табылады. Сот шешімдерін және судьялардың талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Жоғарыдағылардың негізінде, заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау – үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Сот шешімдерін орындау көп уақытты және тер төгуді қажет ететін жұмыс екендігі белгілі. Кей жағдайда соттың шығарған шешімдерін сот орындау­шысы заңна­ма­да көрсетілген мерзімде орындай ал­майды. Ол әр түрлі жағдайларға байла­ныс­ты. Сот шешім­дерінің орындалмауы – атқарушы­лық іс жүргізу органдары­ның ғана емес, жалпы мем­лекеттің өзекті пробле­маларының бірі.

Көптеген жағдайда шешімдердің борышкерлердің мүлкінің, тұрғылықты жерінің жоқтығынан, мүлкі басқа елде тіркелгендіктен, басқа елге қоныс аударып, осындай жағдайда орындалмай немесе орындалуы ұзаққа созылып жатады. Осындай жағдайда сот шешімдерін орындау үшін жері бойынша, немесе мүлкі тіркелген жері бойынша, егерде басқа елде тіркелген болса халықаралық шарттар негізінде басқа елдің құзырлы соттарына өтініштер жолданып жатады. Ол үшін сол елмен Қазақстан Республикасы арасында келісім болса болғаны.

М.Жоламанова, Алматы қалалық Бостандық аудандық №2  сотының бас маманы

 

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...