12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья – әділдік айнасы

Бағзы уақытта қырық рудың «қара қылды қақ жарған» билері Күлтөбеде күнде жиын өткізіп, адалдыққа жол іздеп, бай мен кедей арасын, қара мен дараның арасындағы әділдікті орнатып, барлығын тең ұстап отырған десе-ді. Әр ханның тұсында жанында сенімді жырауы мен ақылшысы, әділ биі қатар жүрген.

Әр рудың өз билері өз руларының күйін күйттеп, әділдіктің адал заңына қол сұқпай, қара халықтың арасындағы тұрақтылықты сақтады.

Сол билердің бүгінгі жалғасы әділ шешім шығарар судьялар болады. Қазақ хандығының сот-құқықтық кодекстерінің негізін салушылардың бірі Майқы би – ірі дипломат және қоғам қайраткері, Шыңғыс ханның кеңесшісі болған. Мемлекеттің нығаюы Әз Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның есімімен де байланысты. Оның билігі тұсында тарихта алғаш рет құқықтық әдет-ғұрыптар мен нормаларды жүйелеу жүргізіліп, ол «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. 17 ғасырдың аяғында Әз Тәуке, Төле би, Қазбек би, Әйтеке билер «Жеті жарғыны» құрды, ол шын мәнінде тікелей заңдар жүйесіне, сот билігінің кодексіне айналды. Бірақ бұл ережелер жиынтығы бізге ауызша жеткендіктен, қоғам бұл жарғыларды кодекс ретінде ресми түрде қабылдамады. Соған қарамастан, мыңдаған жылдар мемлекет жүйесіндегі қоғамдық құбылыстардың өзегінен нәр алған бұл заңдар өз заманында халыққа жақсы қызмет етті.

Ал егемендік жылдары Қазақстан халықаралық беделін нығайтып, елде жаңа қоғамдық-саяси қатынастар пайда болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құрып жатқанын жариялады. Осының барлығы жас мемлекеттің жаңа қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық мәртебесіне неғұрлым толық жауап беретін түбегейлі құқықтық реформаның қажеттілігін тудырды. Н.Назарбаевтың 1994 жылғы 12 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы сот-құқықтық жүйені реформалаудың басым бағыттарын бекіткен тарихи құжат болды.

Егеменді Қазақстанның қалыптасуы соттардың тәуелсіздігін нығайтумен және сот-құқықтық реформаны жүзеге асырумен тығыз байланысты. Араға уақыт сала Н.Назарбаевтың 2000 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға қол қоюы сол уақыттың басты оқиғасы болды.

Бұрынғының билері, қазіргінің судьялары – әртүрлі даулы жағдайларда шешім қабылдауға жауапты тұлға болып табылады. Бұл қылмыстық істер де, қарапайым некелік сот ісі де болуы мүмкін. Аталған лауазым басқару құрылымдарына бағынбайды және мемлекеттік аппараттан бөлек жұмыс жасайды. Судья өз шешімдерінде әрқашан бейтарап болып, тек мемлекеттің конституциясы мен заңдарына назар аударады. Бұл маман өз жадында көптеген заңнамалық нормаларды, актілерді және құқықтарды сақтауы керек. Ол дұрыс шешім қабылдай отырып, дәлелдемелерді талдап, қорытындылай білсе ғана әділ шешім шықпақ.

Сондықтан болса керек, судьяларға деген сенім халық тарапында әрдайым жоғары бағаланады. Көптің ойындағыдай судьялар тек айыпталушыға әділ шешім шығарып қана қоймай, сала мамандарымен бірлесіп қос тарапты ымыраға келтіріп, татуласуына да жәрдем береді. Күнделікті келіп түсетін жүздеген арыз-шағымды жан-жақты саралап, дұрысын айту үшін де судьялардан жоғары білім, ұдайы даму талап етіледі. Бұл тұрғыда ел президенті Қ.Тоқаев та сот жүйесін модернизациялауды күн тәртібінен түсірген емес.

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының төрағасы М.Тұрғанбаев

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...