СҚО-дағы су қоймасында су деңгейі тарихи максимумнан асып түсті

7 сәуірде кешкі сағат сегіздегі жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының толымдылығы 175 пайыз болған (көлемі — 1213 миллион текше метр), — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news порталына сілтеме жасап.

Су қоймасының деңгейі 1190 сантиметр (шегі – 800). Бөгет төбесінен асып кету 390 сантиметр (соңғы 12 сағатта 55 сантиметр).

Бұл 2017 жылғы тарихи максимумнан 52 сантиметрге артық, бөгеттен асып кету 338 сантимет болған, мұндай Сергеев су қоймасы пайдалануға берілгеннен бері, яғни 1968 жылдан бері байқалмаған.

Сергеев су электр кешенінен жоғары қарай Есіл салаларының суы күрт азая бастаған. Бұл су тасқыны шегінің сенімді белгісі, деп түсіндіреді басылым. Сондай-ақ, Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің көтерілуі жексенбі түстен кейін айтарлықтай баяулаған.

«Енді Сергеев су қоймасы бөгетінің төменгі жағындағы елді мекендер үшін де, ірі көлдер маңындағы ауылдар үшін де қауіпті кезең басталады: Үлкен Тораңғыл оянады», — делінген мақалада.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.