Спортты дамыту дирекциясы Шайдоровтың жалақысы туралы мәлімдеме жасады 

Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров отандық подкастардың бірінде жалақының уақытылы төленбей жатқанын айтып, қазіргі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, жеңістен кейінгі кезеңде қаржылай қолдау тоқтап қалған.

Спортшы сондай-ақ ақпан айынан бері медициналық қамтамасыз ету мәселесінде де өзгерістер болғанын атап өтті.

Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалақы толық төленгенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта жаңа олимпиадалық циклге байланысты жаңа келісімшарт әзірленіп жатыр. Құжатта қаржыландыру шарттары жаңартылып, тиімділік көрсеткіштері қайта қарастырылуда.

Спортты дамыту дирекциясы келісімшарт бекітілгеннен кейін төлемдер қайта жалғасатынын атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекет спортшының Олимпиададағы жетістігі үшін қарастырылған сыйақыларды (ақшалай төлем, пәтер және өмір бойғы ай сайынғы төлемдер) толық көлемде орындайтынын жеткізді.

Фото: Сали Сабиров/ҚР МОҚ

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...