12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СОТТЫҢ ӘДІЛЕТТІ ШЕШІМІ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі қоғамның əділеттілігін қалыптастыратын маңызды құрылым. Бұл жүйенің тиімді жұмыс істеуі қоғамның құқықтық мəдениетін, заңға деген сенімін жəне құқықтық тəртіптің нығаюын қамтамасыз етуге негіз бола алады. Қай дəуірде болсын, қоғамның дамуы мен тұрақтылығы құқық үстемдігіне, ал құқықтың жүзеге асуы əділ соттың болуына байланысты болды.

Қазақ халқының құқықтық мəдениеті мен сот жүйесі де терең тарихи тамырға, ұлттық санаға, əділдікке негізделген жолмен қалыптасты. Бүгінгі күннің құқықтық жəне зайырлы мемлекетінде қызмет етіп отырған сот билігі – осы тарихи сабақтастықтың, ғасырлар бойғы құқықтық жүйенің жаңғырып, жаңарған үлгісі. Тəуелсіз еліміздің сот жүйесі ежелден келе жатқан билер институтының заңды жалғасы десе, артық айтқандық болмас еді. Қазіргі сот жүйесінде кешегі қазақ халқының құқық саласындағы билердің мəртебесі мен мəнін айқындайтын бірқатар айшықты қағидаттар мен нормалар сақталған. Мəселен, «Би төрттің құлы – адал еңбек, таза ниет, терең ой, əділдік» деген ежелгі билер ұстанған қағидат қазіргі сот жүйесінде де маңызын жойған жоқ. Қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде билердің орны ерекше болған. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елдік əдет-ғұрыпқа негізделген дəстүрлі құқық нормаларына берік болғаны анық. Билер қисынды ой мен ата дəстүрдің халық мойындаған құндылықтарына ғана емес, сол замандағы ірі саяси тұлғалардың басшылығымен жасалған заңдарға да сүйенді. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Əз Тəуке ханның «Жеті жарғысы» бəрі де өз заманының талаптарына сай жасалған заң жинақтары болатын. Қазіргі заманғы құқықтық жүйеміз секілді, ертедегі билер де өз дəуірінде халықтың мұң-мұқтажын терең түсініп, қоғамда туындаған түрлі дау лы мəселелерді – жер дауы мен жесір дауын, ар-намыс пен құн дауын – осы заңдар жинағының негізінде шешіп отырған. «Сөз атасы – Майқы би» демекші, қазақ тарихындағы алғашқы билердің бірі Майқы заманынан басталған билер жалғас тығы Төле, Қазыбек, Əйтеке билердің төрелігіне ұласып, олар туралы ел аузында талай əңгімелер қалды. Сонымен қатар, біздің қоғамда ертеден-ақ, билер сотыдеп аталатын ел бас қарудың тамаша демократиялық жүйесі қалыптасқан. Ел тарихы мен əдебиетінде Дешті Қыпшақ дəуірінде , Жошы ұлысы, Қазақ Ордасы, одан кейінгі патшалық Ресей дəуірі кезінде қазақ арасынан суырылып шығып билік айт қан, қара қылды қақ жарып, төбелі билер төрелі сөзін жүргізгені айтылады. Əділеттің ақ туын желбіретер биге қойылатын талап қашан да қатаң. Бұл туралы академик Салық Зиманов өзінің төрт тілде шыққан «Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі» деген кітабында: «Қазақтың билер соты өзіне жүгінген тараптардың дауларын қарастыра отырып, тараптардың арасында, рудың арасындағы бітімгершілікке жəне бірлікке қолжеткізуге тырысатын. Билер сотының осы асқақ мұраттарының талабына жауап беру үшін билер дала даналарының мектебінен өтуге, алдыңғы ұлы билердің сынынан сүрінбеуге тиіс болған», – деп жазады. Билердің сол кездегі рөлі – заңгерлік жəне бітімгерлік болған. Себебі ел арасындағы даулар билер талқысына салынғанда, бір би айыптаушы, екіншісі ақтаушы, үшіншісі төреші болып, бірігіп шешкен. Сондықтан бүгінгі заманның прокуроры мен адвокаты да, судьясы да би болған. Би бір сөзбен айтқанда дау-жанжалды шешетін, кесімді төрелік айтатын, əділ үкім шығаратын адам. Тəуелсіз Қазақстанның сот жүйесі – егемен елдің тұғырын бекіткен маңызды əрі сенімді тетік. Ежелгі антикалық дəуірден бастау алатын билер дəстүрі ғасырлар көшінде түрленіп, заман ағымына сай жаңғырып отырса да, оның түпкі мəні, басты міндеті мен асыл талаптары уақыт сынына төтеп беріп, өз негізін сол қалпында сақтап келеді. Cол себепті бүгінгі сот жүйесі қоғам өмірінің барлық саласына əсер етіп отыр. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, мемлекеттік органдардың əрекеттерінің заңдылығын қадағалайтын, құқықтық тəртіптің тірегі болып табылады. Сот – халық пен билік арасындағы сенім көпірі. Соттың əділетті шешімі – тек бір даудың ғана емес, тұтас қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылады. Қазіргі сот – бұл заманауи технологиямен жабдықталған, ашықтық пен жариялылықты ұстанатын, халықаралық стандарттарға бейімделген жүйе. Мемлекеттіліктің қалыптасу жолында сот жүйесі бірқатар тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінде демократиялық, құқықтық мемлекет талаптарына жауап беретін деңгейге жетті. Көптеген сот реформалары жүзеге асырылып, судьялық кадрларды даярлау мен сот процесін жетілдіруге бағытталған жаңа нормалар енгізілді. Бұл өзгерістер сот жүйесінің сапасын арттырып, əділдікті қамтамасыз етуге үлкен ықпал етіп, халықтың соттарға деген сенімін нығайтуда маңызды рөл атқарды. Нəтижесінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету бағытында ілгерілеу байқалып, елімізде əділ сот төрелігі орнығып келеді. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда еліміздегі қаралып жатқан істердің небəрі 10 пайызына ғана жоғары сатыға шағым түсіріледі. Оның өзінде сот актілерінің тек 2–3 пайызы ғана бұзылып, өзгертіледі. Ал қалған 90 пайызға жуық істер бойынша шығарылған шешімдер тараптардың келісімі мен сеніміне ие болып отыр. Бұл – сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділіктің, əділдіктің жəне қоғамның сот жүйесіне деген сенімінің айқын көрінісі деп бағалауға толық негіз бар. Бұл əділетті соттың негізгі тұлғасы – судьяларымыздың жұмысының нəтижесі деп бағалауымызға толық негіз бар. Еліміздің тұрақты дамуына жəне заң үстемдігін қамтамасыз етуде судьяларымыздың атқаратын рөлі зор. Судьялардың жұмысы өте күрделі жəне жауапты. Олар күнделікті ауқымды іс материалдарын зерттеп, заңнамаларды талдап, əділ шешімдер қабылдауы қажет. Судьялар өздеріне жүктелген аса жоғары жауапкершілік пен шамадан тыс жұмыс көлеміне қарамастан, кейде түннің бір уақытына дейін сот төрелігін жүзеге асыру жолында табанды еңбек етіп, əр істің əділ де сапалы шешілуі үшін бар күш-жігерін жұмсап келеді. Бұл – олардың кəсіби адалдығының, азаматтық ұстанымының жəне əділетке деген берік сенімінің жарқын көрінісі. Сот жүйесінің тұрақты дамуы – құқықтық мемлекеттің негізі. Қоғамның сотқа деген сенімі – бұл халықтың мемлекетке деген сенімі. Сенім жоқ жерде тұрақтылық болмайды. Ал сенім тек əділет арқылы қалыптасады. Əрбір судьяның адалдығы мен əділеттілігі ел ертеңінің айнасы. Қоғамда əділет үстемдік құрса, мемлекет гүлденеді, халықтың сенімі бекиді. Ал бұл сенімнің жүгін арқалап отырған сот жүйесі – ең жоғары құрметке лайық.

Досжан ƏМІР, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Судьялар одағының төрағасы

На перекрестке огня и спасения 

В ИЮНЕ 2025 ГОДА ГЕОПОЛИТИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ НА БЛИЖНЕМ ВОСТОКЕ РЕЗКО ОБОСТРИЛАСЬ. ВОЕННЫЙ КОНФЛИКТ МЕЖДУ ИЗРАИЛЕМ И ИРАНОМ ПРИВЕЛ К СЕРЬЕЗНЫМ ПЕРЕБОЯМ В АВИАСООБЩЕНИИ И ПОСТАВИЛ ПОД УГРОЗУ БЕЗОПАСНОСТЬ ТЫСЯЧ ИНОСТРАННЫХ ГРАЖДАН, ВКЛЮЧАЯ КАЗАХСТАНЦЕВ, ОКАЗАВШИХСЯ В ЭПИЦЕНТРЕ СОБЫТИЙ.

Президент рақымшылық туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысының пікірінше, Ата заңымызға сәйкес адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - ең қымбат қазына.

Таяу Шығыстағы ахуал: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне демалуға барғысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасады.

Ұлттық құндылықтар ұлықталған күн

Алматы облысы, Кеген ауданында дәстүрлі «Қымызмұрындық-2025» мәдени шарасы мен «Жолан жүйрігі» республикалық ат бәйгесі өтті. Онға жуық елден 10 мыңнан астам халық қатысқан бұл шара ұлттық салт-дәстүріміз ұлықталып,   мәдениетіміз бен өнеріміз паш етілген мерекелік күн болды.

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 78 доллардан асты.