Сотталғандарға әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге барынша көмек көрсету — басты назарда

Пробация қызметінің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Бұл бағытта өңір бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар ауқымды істер атқарып келеді. Мәселен, «Рахым»  әлеуметтік көмек көрсету орталығы түзету мекемелерінен босаған азаматтарды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу,  жазасын өтеп шыққан жандарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік   қолдау көрсету, жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту және біліктілігін жетілдіру бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы қоғам өміріне кіріктіру әрі өмірлік қағидасы мен құндылықтарын қайта қарауға көмектесу бағытында бірнеше жобаларды сәтті жүзеге асырды. Сотталған азаматтар «Рахым» әлеуметтік орталығы қызметкерлерінің кәсіби кеңесіне жүгіне алатындығын, алдағы уақытта  құқықтық, психологиялық және   кәсіптік тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады, жазасын өтеп шыққандарға арнайы сертификаттар табысталатыны» жоспарланып жатқанын атап өтті «Рахым» басшысы Б.Шерәлиева, жазасын өтеп келгендердің қоғамнан өз орнын табуына, аяқтан тұрып кетуіне көпшілік болып үлес қосу қажеттігін, сонымен қатар, Заңнамадағы толықтырулар бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған адамдарға мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар тарапынан қылмыстың қайталануына ықпал ететін факторлардың алдын алу және оларды қысқартуға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету мүмкіндіктерінің кешенді жүзеге асырылу механизмін жаңғырту мен дамытуда басты рөл ойнайтындығын айтты. – Өмірде қате басып, сүрінген жандардың өз ортасын табуында, осылайша мемлекеттің саналы азаматы болып қалыптасуына қолдау қажет. Сондықтан, оларды қайта дайындау, оқыту, үшін кәсіпкерлік тұрғыда көмектесу қажет. Оларға білім алуға, мамандық игеруге, жұмыспен қамтылуына, емделуге, сондай-ақ құқықтық, психологиялық  көмек көрсетуге жәрдемдесу  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік оңалтудың негізгі механизмі  болып табылады.

Осыған орай Алматы қ. 16.05.2024 ж. Алматы қаласында «Ұлттық  кітапхана» ғимаратында Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы, Алматы қаласының абаттандыру басқармасы мен  «Рахым» әлеуметтік үйінің өкілдері, пробация қызметі бөлімінің басшысымен бірлесіп «Іскер ісі» әлеуметтік жобасы аясында, кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қаржыгерлер, медиаторлар, жеке сот орындаушылары палатасының заңгерлері тарапынан Медеу ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға қаржылық сауаттылықтарын  арттыру бойынша кеңес беріп, нұсқамалары мен сілтемелерді көрсетті.    

Атап айтқанда бұл семинарға 60 адам пробация қызметінен қатысып кеңес алды, және де көп бабалы аналарға құқықтық көмек көрсетіліп, әрі қарай жәрдемақы алу және сілтемеделердің жолын көрсетті, қазіргі таңда өзекті болып табылатын мәселе ол жұмысқа орналастырудың проблемалары, әсіресе ресми түрде жұмысқа кіреалмайды, себебі несие алып, төлей алмай есепшоттары бұғатталған тұлғалар құқықтық, психоллогиялық, және әдістемелік көмек алды.

Медеу аудандық пробация қызметі

В области Абай подписан меморандум о сотрудничестве по ресоциализации осужденных

Департамент уголовно-исполнительной системы по области Абай подписал меморандум о...

Абай облысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «ЛУЧ» қайта әлеуметтендіру...

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...