Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар арасында дойбыдан жарыс өтті. Аталмыш іс-шара «Аманат» партиясының Түркістан қалалық филиалының коворкинг орталығында болып, оған пробация есебінде тұрған 16 азамат қатасты. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Аманат» партиясы ат салысты. Аталған шараның басты мақсатының бiрi сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдык-этикалык түсінікті арттыру, және сотталғандардың салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады.
Жеңімпаздарға сыйлықтар және грамоталар мен алғыс хаттар да табыс етілді. Аталған спорттық сайысты ұйымдастырудағы басты мақсатымыз, пробация есебінде тұрған жастардың бос уақытында сенделіп жүрмей, салауатты өмір салтын сақтану мақсатында спортпен шұғылынданып, ойлары бөлінеді. Сонымен қатар, құқықбұзушылық пен қылмысты болдырмауға үлкен септігін тигізеді. Алдағы уақытта үстел бильярд, волейбол, тенис секілді спорттық сайыстарды ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Сондай-ақ, ауданымыздың киелі жерлеріне саяхат жасап, мұражайларды да аралауға ниет етіп отырмыз. Қателікке бой алдырған жастарымыз қоғамнан шектеліп қалмауы үшін, осындай спорттық шараларға қатыстырып отырамыз, — деді Түркістан қалалық ПҚ аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Абдуаллаұлы.
Жаза мерзімін өтеуші азаматтар жазасын өтей жүріп. оларды түзелу жолына салу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, пробация қызметкерлері әртүрлі тәрбиелілік іс-шара ұйымдастырып отырады. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.
– Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға рахмет айтамыз. Жарыс тартысты өтті. Бар күш жігерімізді салдық. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері әртүрлі спорттық, психологиялық және тағы да басқа шараларға қатыстырады. Осындай шаралардан көптеген жақсы дүниелер үйрендім. Өзімнің балалықпен жасаған қателігім үшін өкінемін. Болашақта, ондай қателікке жол бермеуге тырысамын. Жақсы маман иесі болуды армандаймын,– деді сотталған азамат.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы