«Сотталғандарды ресоциализациялау»

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев ауданы ПҚБ қызметкерлерімен М.Жұмабаев ауданы «Аманат» партиясын акті залында М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары А.С. Шарипов төрағашылық етуімен дөңгелек үстел жүргізілді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелді өткізу барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, М.Жұмабаев ауданының орталық емханасы, әділет басқармасы, білім бөлімінің өкілдері, мамандандырылған колледжінің директоры қатысып М.Жұмабаев ауданының ПҚБ есебінде тұрған сотталғандардың қиыншылық тудырған сұрақтар қарастырылған.

Нәтижесінде, сотталғандардың қиыншылық тудырған сұрақтары М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары А.С. Шариповпен, сонымен қатар әр қызметпен осы мәселерді дер кезінде шешу бақылауға алынды. Осындай кездесулер сотталғандардың атқарушы органдарға сенімін нығайтуға себеп болады, сонымен қатар ПҚБ есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету бойынша қиыншылық тудыратын сұрақтардың шешімін табуға жол табады.

Сонымен қатар, «теңдік теңдікке» принципі бойынша еркін тәлімгер институтын енгізу мақсатында, бұрын бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеген сотталған Ф. сотталғандардың алдында сөз сөйледі. Ол өз өмірінен мысалдар келтіру арқылы, жақсы мінез-құлық көрсеткен үшін жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатыла алатындары жөнінде хабарлады. Жүргізілген кездесудің және еркін тәлімгерлердің жеке мысалдарының арқасында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандар түзетілу жолына тұруға үлкен демеу алды!

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев аудандық ПҚБ бастығы
әділет капитаны Д.Әбішев

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...