12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар жақындарымен қауышты

ЗК-169/1 тергеу изоляторында ашық есік күні өтті.

Бұл күні мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған 19 азаматы өздерінің жақындарымен кездесті.

Ашық есік күнін өткізудегі мақсат: сотталғандардың туыстары мен мекеме әкімшілігі арасында сенімді қарым-қатынас орнатып, туыстық байланысты жоғалтпау, жазасын өтеушілерге моральдік-психологиялық тұрғыда қолдау көрсету болып табылды.

Мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев сырттан келгендерді, алдымен режимдік корпустағы психология бөлмесіне бастап апарды.

Ондағы өткізілетін іс-шара жайында психолог маман А.Орынбаев:

-Тергеу изоляторына келіп түскен әрбір азаматпен алғаш, олардың көңіл-күйін бағамдап, мінез-құлқын анықтау мақсатында, психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл олардың темір тордағы жағдайға бейімделуі үшін керек.

Ал, кейбір ішкі күйзеліске түскендерді, санаға салмақ салған тұманды ойлардан арылтып, қалыпты мінез-құлық қалыптастыру және басқа да психологиялық жәй-күйін реттеу үшін, осы бөлмеде қабылдаулар мен тренингтер өткізіп тұрамыз — деді .

Бөлме ішінде аквариум, жұмсақ диван тербелмелі орындық пен күйсандық бар. Еденге кілем төселіп, бөлме қабырғалары ашық түспен боялған.

Жанға жылылық ұялататын бұл жерді көзімен көрген сотталғандардың туыстары шынында да, мұнда оналасқан әрбір заттың , жағымды әсер беретіндігіне көз жеткізді .

Одан соң, медицина бөліміне барды.

Сотталғандар, тергеудегілер мен күдіктілердің денсаулығын қадғалап ұстап отыру үшін, мұнда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мекемеге келіп түскеннен бастап, тиісті медециналық көмектер көрсетіледі.

Барлық бөлмелер қажетті құралдармен жабдықталған — деп, мекеме фельдшері Н.Талғат келушілерді дәрігерлердің қабылдау, егу, тіс жұлдыру, әйелдерді қабылдау және дәрі-дәрмек сақталатын бөлмелерді аралатып, ондағы жағдайлармен таныстырып шықты.

Ең әсерлі сәт жатаханаға барғанда болды.

Онда қамаудағылар туыстарымен қауышып, сағыныштарын басты.

-Бүгін баламның осындағы жағдайын көріп, білдім. Жатақхана іші жылы, таза, жүріп-тұруына ыңғайлы екен.

Ас-су ішетін бөлмелерінде керекті ыдыстары мен тоңазытқыш, теледидар бар екен.
Ашық есік күнін ұйымдастырған әкімшілікке рахмет айтамын — деп, қарт ана көзіне жас алып, мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Есірткі және психотропты заттарды кіргізудің алдын алу

Есірткі және психотропты заттарды кіргізудің алдын алу №3 мекемесі...

Профилактика проноса наркотических и психотропных веществ

ДУИС по города Астана учреждения #3 по проведению досмотра...

Повышение религиозной грамотности среди осужденных

В учреждение №3 Департамента УИС по городу Астана посетил...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

ҚАЖ Департаменті №3 мекемесіне Дінді зерттеу орталығының өкілі келді,...

«Общественные работы как вид искупления перед обществом»

Оступившийся человек имеет возможность оправдаться перед обществом заменив...