12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Жуырда «Балалар жылы және ТМД шығармашылығы мен мәдени мұра» жылына орай пробация есебінде тұрған азаматтар арасында кіші футболдан жарыс өтті.
Түркістан қалалық пробация қызметі мен қалалық спорт бөлімінің ұйымдастырумен өткен спорттық шараға 29-35 жас аралығындағы сотталған азаматтар қатысты.
Аталған турнирге сотталған азаматтардан құрылған төрт команда қатысып, бақ сынады. Шағын футболдан әр жасақтан бір-бір команда жасақталып, жарыс көркін қыздырды.

Бұл шараның мақсаты – қоғамдық оқшалау орталығынан шыққан соттталғандардың қоғамға бейімделуін және өмірге деген көзқарасын өзгерту. Аталған жарыстың бұрынғы жарыстан ерекшілігі, пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында салауатты өмір салтын ұстанып, өмірдің дұрыс бағытын таңдауға сотталғандардың арасында спортқа деген қызығушылықты жоғарлату, сотталғандар тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында өткізілді.
Турнир барысында командалар 15 минуттан 2 тайм өткізді. Барлығы да намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Жарыс қорытындысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардан құралған «Найза» командасы І орын алса, ІІ-ші орынды «Қыран» командасы иеленді, ал ІІІ орынды «Бекзат» командасы қанағат етті.
Осы жарыста қарсыластарына 7 гол соққан Қасым есімді азамат үздік ойыншы атанды. Сондай-ақ үздік қақпашы, үздік шабулдаушы, үздік қорғаушы номинациялары бойынша марапатталды. Жарыс жеңімпаздарымен жарысқа қатысушыларға дипломдармен арнайы дайындалған бағалы сыйлықтар табыс етілді.

– Аудандық пробация қызметі сотталған жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңестер беру, жастардың жасаған қылмыстарын қайталамауына септігін тигізу мақсатында көптеген салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени, психологиялық және де тағы да басқа шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып отырамыз. Пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырып жатырмыз, – деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Мұрат Құрбаналиев.

Жалпы жарыста жүлделі орынға ие болған командалар Түркістан қалалық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт болімінің есебінен арнайы дипломдар мен кубок табыс етілді.

Мен футбол ойнағанды ұнатамын. Аталған турнир әділ әрі қызықты өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері әртүрлі спорттық, психологиялық және тағы да басқа шараларға қатыстырады. Осындай шаралардан көптеген жақсы дүниелер үйрендім. Өзімнің жасаған қателігім үшін өкінемін. Болашақта, ондай қателікке жол бермеуге тырысамын. Жақсы маман иесі болуды армандаймын, — деді сотталған Манас.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...