12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандарға психологиялық кеңестің берері мол

Шымкен қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД қарасты Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде сотталғандар арасында семинар-тренинг өткізілді.
Кентау қалық пробация қызметі бөлімінде пробация қызметкерлері мен қалалық емхана психологімен бірлесе отырып ұйымдастырған психологиялық тренингке пробация қызметі есебінде тұратын он бес сотталған қатысты. Психолог-маман Пробация тізіміндегі тұрғандармен психологиялық сұхбат өткізді. Оларды қоғамнан оқшаулатпай, ортаға тарту маңызды. Барынша жұмыс тауып беріп, әрі қарай көппен бірге араласып кетуін қамтамасыз ету керек.

Бұл тренингтің мақсаты – сотталғандарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту, сондай-ақ сотталғандардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту болып табылады. Тренинг барысында тағдыр тәлкегіне түскен азаматтар көптеген психологиялық жаттығулар жасап, әртүрлі сұрақ-жауаптарда жүргізілді.

«Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек» деген сұрақты көптеген адамдар қояды. Нақтырақ айтар болсақ, біріншіден, өзіңіз ұнататын іспен айналысыңыз. Өміріміздегі жетістіктердің жартысынан астамы сүйікті іспен айналысудың арқасы екенін ұмытпаңыз. Өзінің қызығушылығына немесе хоббиге аз уақыт бөліп, күнделікті кездесетін күйбең тірлікке және жұмысқа үнемі шағымданып жататын адамдар аз емес. Өмірде кездесетін кедергілерді жеңу үшін, сіздің табыс көзіңіз бен сүйікті ісіңіздің арасында міндетті түрде байланыс болғаны дұрыс. «Жалқаудың ертеңі бітпес» дегендей, әрбір кейінге қалдырылған істің ұзаққа созылуы немесе мүлдем ұмытылып қалуы мүмкін. Ал, ең соңғысы толыққанды жұмыс істеу үшін өзіңізге көңіл бөліңіз. Уақыт өте келе адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, сондықтан демалысқа да дұрыс уақыт бөле білу керек. Мысалы, қызықты кітаптар немесе жаңалықтар оқу, спортпен айналысу қажет, — деді психолог маманы.

Аталған семинарға қатысқан пробация есебінде тұрған азаматтар психолог маманның айтқан кеңестерін дәптерлеріне жазып алып та отырды. Сонымен қатар, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға психологиялық тренинг өткізудің пайдасы мол. Себебі, қылмысқа барған әрбір адаммен психолог жеке-жеке сөйлесу арқылы ол адамның жасаған қателігінен сабақ алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне көмектеседі. Психологиялық треникттерге қатысып жүрген сотталған азаматтардың өмірге, қоғамға деген көзқарасы да өзгереді. Бұл семинар-тренингті өткізудегі мақсатымыз, пробация қызметінің есебінде тұрған жастар мен азаматтар өздерінің әрбір уақытының қадірін біліп, бағаласа екен деймін. Себебі, әрбір уақыт — біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы әрі қызықты да өкінішті күндерді кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Қалтаңыздағы ақшаңызды жоғалтып алсаңыз, оны күндердің бір күнінде қайтадан жұмыс істеп табуға болады. Ал, бірақ, «уақыт» деген бір орнында тұрмайды, ол өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарағанда, қаншама жылдарының қалай өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады. Сондықтан, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек. Есепте тұрғандар да өздерінің бос уақытын тиімді әрі пайдалы істерге жұмсаса екен. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді қалық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Атабек Исаев.

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға, бос уақытын тиімді пайдалану мен өмірге қызығушылықтарын арттыруға, өзін-өзі дамытуға арналған психологиялық дөңгелек үстелден көптеген қажетті дүниелерді естіді. Нәтижесінде азаматтар өз ойларын ортаға салып белсенділік танытты. Мұндай психологиялық семинар-тренингтер жалғасын табады деген сенімдеміз.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...