Сауран ауданды спорт клубында мәдениет және спорт қызметкерлері мен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен кіші футболдан жарыс өтті. Аталған шараға пробация қызметінің есебінде тұратын он беске жуық азамат қатысты.
Шараның негізгі мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады. Қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу болып табылады. Бұл ұйымдастырылған шара адам өмірінің басты құндылығын қалыптастыру, денсаулығын жақсарту, ынтымақ пен бірлікті арттыруға негізделген. Сондай-ақ, Пробация қызмсетінің есебінде тұрған жастардың қоғамнан шеттеп қалмауына ықпал етеді.
Сауран ауданында сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында осындай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.
Әрине, біздің Пробация қызметінің есебінде тұрған жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында аудандық мәдениет және спорт орталығымен көптеген шара ұйымдастырылып отырады. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмыссыз жүрген жастарды тұрақты жұмысқа орналастырамыз. Ал, егер де орташа немесе жоғарғы білім алмаған азаматтарды қысқа мерзімдік оқуға жібереміз. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың арасында кәсіптік білім алып, өздерінің кәсібін ашып отбасын асырап жүргендер де бар. Пробация қызметіне тіркелген адамдардың тұрмыстық жағдайына байланысты әртүрлі көмектер алып беруге тырысамыз. Және де әлеуметтік көмек алуларына да ықпал жасап отырамыз, — деді Сауран аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Мұрат Шакарим.
Спорттық сайыс соңында қатысушыларға «Үздік қатысушы» номинациясы табыс етілді. Ал, жеңімпаздар жүлделі орындарды иеленіп, алғыс хат, грамота, дипломмен марапаталды. Пробация есебінде тұрған жастар алдағы уақытта осындай шаралар ұйымдасытырлса қатысуға ниет білдіріп отыр.
Мен бала кезімнен футбол ойынын ұнатамын. Прорбация қызметінің бастығы футболдан сайыс өткізілетінін айтқанда, ойланбастан бірден келістім. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ұйымдастырылған осындай спорттық шараға алдағы уақытта да қатысуды жоспарлап отырмын. Сауран аудандық пробация қызметінің қызметкерлері тұрақты жұмысқа орналасуыма үлкен септігін тигізді. Қазіргі таңда, жұмыс істеп, ата-анама көмектесіп жүрмін. Осындай мүмкіндікке қол жеткізуіме қол ұшын берген пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз, — деді Пробация қызметінің есебінде тұратын Жасұлан есімді жігіт.
Раушан НАРБЕК
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ