Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында 6 – маусым Астана күніне орай, АКАӘПТБ- нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өтілді.
Бұл мерекелік іс- шараға Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскерлері Ж.Оңталап пен С.Бертай арнайы шақыртылып, төрелік етті.
Жазасын өтеуші азаматтар, кір тасын көтеру, турникке тартылу мен фудбол ойнаудан да жарысқа түсті.
Заңды бұзған азаматтарды жазалау орындарына түскенде, олардың ой-өрісін психологиялық тәрбиелеу мен еңбекке баулу және әртүрлі спорттық шараларға қатыстыра отырып тәрбиелейді.
Бүгінгі спорттық іс-шараның мақсаты – Астана күнін атап өте отырып, сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды қоғамға қайта бейімдеу болып табылады.
Жарыста жеңіске жетіп, жақсы көрсеткішкіш көрсеткен сотталғандар арнайы спорт басқармасынан келген әдіскерлері тарапынан кубок пен мақтау қағазы арқылы марапатталынды – деп, мәлімдеме жасады мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев.
Астана, еліміздің мақтанышы, тәуелсіздігімізді паш етіп тұрған жаухар қала. Мен бостандықта жүргенде 2001 жылы жаңа қалада жүріп жатқан құрылыста жұмыс жасадым. Отбасымды асырау үшін барған болатынмын.
Бүгінгі мерекелік іс- шараға белсене қатыстым. Мақтау қағазын алдым. Бұл менің іс-қағазыма тігіліп, көтермеленіп, мерзімімнен бұрын босауға сеп болады. Темір тордан шыққан соң, Астанаға кетемін. Әйелім балаларыммен сонда көшіп кетіпті – дейді ҚК- 188-1- бабы бойынша жаза мерзімін өтеп жүрген С есімді сотталған.